Жаңа сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Тақырыпты ашып алу үшін ойтолғаныс ретінде «Онтогенез» туралы видеофильм көрсету.
Миға шабуыл
Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер
Эмбриология (грекше embryon – ұрық, logos – ғылым ) – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.
К.Бэр – Ресей Ғылым академиясының академигі, 1828 жылы «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаған болатын. «Ұрықтық ұқсастық» ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтық ұқсастық заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында организмнің өз белгілері пайда болады.
А.О.Ковалевский – ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді.
Ф.Мюллер, Э.Геккель – биогенетикалық заңды ашты. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез (жеке даму) дегеніміз – филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады.
А.Н.Северцов – пікірі бойынша, организмнің жеке дамуы кезінде ататектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады.
Г.Шмидт – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеді.
Тапсырмасы:
1-(топ) тапсырмасы
(Алдарыңа берілген суреттер бойынша өз ойларын айтып,жан-жақты сипаттама беріп кетеді)
Бір қабатты ұрықтың бластуланың түзілуі.
(2-топ)
(Алдарыңа берілген суреттер бойынша өз ойларын айтып,жан-жақты сипаттама беріп кетеді)
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы.
(3-топ)
(Алдарыңа берілген суреттер бойынша өз ойларын айтып,жан-жақты сипаттама беріп кетеді).
Нейруланың пайда болуы, және постэмбриондық даму кезеңі.
(4-топ)
Организімнің қартаюы,тіршілгін жоюы(өлімі). Биогенетикалық заң.
|
|
2-тапсырма
Тапсырма: Тиістілерін тауып жаз
1. Ағзаның жеке дамуы -нейрула
2. Митоздың нәтижесінде пайда -постэмбриондық
болған бөлшектер
3. Сыртқы ұрық жапырақшасы -бластомерлер
4. Ағзаның жеке мүшелері дами- -эмбриология
тын саты
5. Өкпе, бауыр дамиды -онтогенез
6. Иіс сезу мүшелері дамиды -түрленіп даму
7. Ұрықтан кейінгі даму -мезодерма
8. Ортаңғы қабат -эктодермадан
9. Эмбриондық дамудан соң -энтодермадан
дернәсілдің пайда болуы
10. Организмдердің ұрығының -эктодерма
дамуын зерттейтін ғылым
II-тапсырма
1. Бірқабатты ұрық -тура даму
2. Іші қуыс екіқабат жасуша -филогенез
3. Ішкі ұрық жапырақшасы -К. Бэр
4. Жүйке түтігі дамиды -гаструла
5. Бүйрек дамиды -бластула
6. Организмнің бірден ересек -Э. Геккель, Ф. Мюллер
түріне ұқсауы
7. Ұрықтық даму -энтодерма
8. «Ұрықтың ұқсастық ілімін» -эмбриондық
жазды
9. Ағзаның тарихи дамуы -эктодермадан
10. Биогенетикалық заңның -мезодермадан
Негізін қалады
|
Сабақты бекіту:
|
Онтогенез – организімнің дамуына, байланысты түйінді ойлары әр топтан.
|
Бағалау:
|
Форматифті бағалау: сумативті бағалау
|
Рефлекция (кері байланыс)
|
Оқушылар өздерінде болған ойлары мен ұсыныстарын жазады. Ол келесі сабақта талқыланып, пікір алмастырылады.
|
Үйге тапсырма:
|
$ – сұрақтарына жауап беру.
|