IV. Жаңа білімді бекіту
|
Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.
VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Тек қиялымызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.
|
Әр топтағы оқушылар бұйымның жасалу кезеңін ретімен тақтаға орналастырады.
Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру). Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.
|
Проблеманы шешу құзыреттілігі
|