Атырау Қаласы, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп- гимназиясының қазақ тілі әдебиеті мұғалімі сулейменова Ақтоты Есенгелдіқызы
Күні:
Сыныбы: 8"в"
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: "Қорқыт ата кітабы","Қорқыттың нақыл сөздері"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі
халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру.
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру.
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, Power Рoint бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстыру:
– Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырып, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
Ежелгі дәуір әдебиетінің басты-басты әдеби мұраларын есімізге түсіріп өтейік.
– Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ.): «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған).
– «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.
– «Оғыз-нама» (ІХ ғ.). Оғыздар мен олардың ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жырланады.
– Әл-Фараби, М.Қашқари, Қ.А.Йассауи, Ж.Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері.
Үйге берілген тапсырма алдын ала реферат жазып келу.Қорқыт ата туралы.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі)
– Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
– Музыкалық аспап.
– Қандай музыкалық аспап?
– Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз.
– Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер?
(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді).
Мұғалімнің сөзі: Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті көрсетіледі.
– Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші көріпкел,жыршы,ел басқарған көрнекті қайраткер.«Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлағатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.
Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
«Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған.
1. Италия (Ватикан мемлекеті) мемлекетінде 6 жырдан тұратын қолжазба сақтаулы.
2. Дрезден қаласында (Германия) 12 жырдан тұратын қолжазба сақтаулы.
. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
10. ‡йсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.
Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады
"Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт ата,
Бата алған барлық ақын асқан ата.
Таңдалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,” – деп тегін жырламаған. Қорқыт –қобыз бен күйдің атасы. Ел шежіресінде мәңгілік өнер жыршысы, ұлы сазгер.
Қорқыт ата күйлері: «Қоңыр», «Башпай», «Әуіппай», «Желмая», «Елім — ай, халқым — ай», «Сарын», «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Байлаулы киіктің зары».
Қорқыт атаның күйлерін тартқан атақты күйшілер: Ықылас пен Молқыбай, Жаппас Қалымбаев, Дәулет Мықтыбаев, Фатима Балғаева. Бұл күйшілер қобыздың қыл пернесінің үнін қазақ даласында боздата білген жандар.
Қорқыт ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зират орындарының бірі болып саналады.[2]
Қорқыт ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші.[3]
Кітаппен жұмыс/оқу/
Қорқыт ата сөйлейді:
- Алла, Алла демейінше, іс түзілмес, Тәңірі бермейінше ер байымас.
Әзелде жазылмаса, құл басына құз келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.
Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес.
Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес.
Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас.
Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.
Көңілі пасық ерде дәулет болмас.
Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.
Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас.
Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас.
Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас.
Ескі қамыс біз болмас, ежелгі дұшпан дос болмас.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
Ер малын қимайынша, аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
Ұл-атаның ері, екі көзінің бірі.
Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.
Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.
Қорқыт ата тағы да сөйлейді:
-Мықты, жүйрік бедеуге қорқыт жігіт міне алмас, ол мінгенше, мінбесе игі…
Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.
Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі.
Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша,ақпағаны игі.
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.
Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.
Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.
Қорқыт ата тағы былай дейді:
-Жердің соны шөбін киік білер.
Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер.
Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.
Жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер.
Түнде керуен көшкенін қараторғай білер.
Ердің батқанын ат білер.
Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер.
Қапелімде бастың ауырғанын ми білер.
Қыл қобызын арқалап, елден-елге, бектен-бекке жырау кезер…
Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.
Самай шашы ағарған баба көрікті.
Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.
Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.
Өнегелі бала көрікті.
*Дәптермен жұмыс/жазып алу/
*Мағынасы түсініксіз сөздер.
1.Баят бойында-оғыздардың баят рулары мекендеген жерде.
2.Әулие-адал,иманды,дін жолын ұстаған адам.
3.Әзелде жазылмаса-тағдырда жазылмаса
ІV. Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырдық. Қорқыт бабамыз туралы не білдік?
(Балалардың жауаптары)
*Тест тапсырмасы
Ал енді сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық.
1. Қорқыт ата кім?
а) Хан, әмірші
ә) Батыр, қолбасшы
б) Жырау, күйші
в) Жазушы, ақылшы
2. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығын көрсетіңдер:
а) Кейіпкерлері тарихта болған адамдар
ә) Қиялдан туған адамдар
б) Қысқа айтылуы
в) Көлемінің шағындығы
3. Қорқыт өмір сүрген ғасыр
а) ІХ ғасыр
ә) Х ғасыр
б) ХІ ғасыр
в) ҮІІІ
4. Қорқыттың күйі:
а) «Аққу»
ә) «Адай»
б) «Ақ жауын»
в) «Желмая»
5. «Қорқыт ата кітабы» қанша жырдан тұрады?
а) 9;
ә) 10;
б) 11;
в) 12;
Индексі: б,ә,в,в,в,
*Ой топтпстыпу.
жыршы күйші
Қорқыт ата кім?
ақын бақсы
көріпкел ел басқарған көрнекті қайраткер
V. Үй тапсырмасы. Қорқыт атаның шығармашылығын оқып түсінік айту. Өздеріңе ұнаған бес нақыл сөздерді жаттау.Қобыз туралы, қобызда тартылатын күйлер туралы қосымша деректер жинау
Достарыңызбен бөлісу: |