6. Жағдаяттарды талдау.
1-жағдаят. Асан бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді-де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Асан не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Асан қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2-жағдаят. Айгүл достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Айгүлдің әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар?
2. Айгүлдің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |