Топтарға тапсырма: 1. «Рефлекс», «рефлекс доғасы» деген түсініктерге анықтама беріңдер. 2. Рефлекс доғасының барлық бөлімдерін дұрыс ретпен атаңдар. Олар қанша?
Қолдану Жұлында сұр заттың арқа және құрсақ тамыршасы бар, олар ақ заттың мүйіздеріне өтеді. Омыртқа жотасынан шыққан арқа және құрсақ мүйізді бірге жұп жұлын жүйкелеріне – әр омыртқадан екіден (оң және сол) бірігеді. Арқа мүйізі мен тамыршаларда сезімтал нейрондар бар. Олардан ақпарат миға – алдымен жұлынға, кейін қажет болса миға түседі.
ОЖЖ да алынған ақпарат талданады. Мидың бірнеше нейрондары қосымша нейрондар арқылы өзара байланысты. Яғни мида рефлексия жүзеге асуына өзара байланысты бірнеше нейрондар – осы рефлекстің жүйке орталығы жауап береді.
Қозғалтқыш нейрон ОЖЖ-ден жұмысшы мүшеге жүйке импульсін (команда) береді. Оны орталықтан тепкіш деп атайды, яғни орталықтан миға барады. Рефлекс доғасының осы бөлігінің тағы бір атауы – эфферентті деп атайды (лат. efferentis – шығарушы). Жүйке импульсі эфферентті нейрон бойынша өткенде жауап реакциясы – бұлшық еттің жиырылуы немесе басқаша жауап беруі мүмкін.
Өздерің біліп отырғандай, осы арқа мүйізі мен тамыршада қозғалтқыш ней- рондар болады. Ол арқылы ақпарат мидан (алдымен мидан, кейін жұлыннан)
жұмыс мүшелеріне – бұлшық еттер мен бездерге түседі.
Алынған жүйке импульсіне жауап ретінде жұмыс мүшесі жұмыс істейді – жауап реакциясын береді. Егер ол бұлшық ет болса, ол жиы- рылады. Бұл ыстық затқа тигенде қолды тартып алу немесе тізені бүгу (тізе рефлексі). Егер бұлшық еттің орнына жұмыс мүшесі ретінде бездер болса, олар өз секреттерін бөледі. Бездердің жұмыс істеу рефлексіне мысалдар: тамақтың иісінен сілекейдің бөлінуі, ыстық кезде тер бөлінуі.