Кіріспе
|
Күні: 22.01.2016ж
Сыныбы: 2ә
Пәні: ДҮНИЕТАНУ
Келісемін:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Жалпы мақсаты: * Өсімдік мүшелері және оның қызметі тамыр туралы білімдерін кеңейту.
*Өсімдік мүшелерін ажырата білуді үйрену
*Өзара бірлесіп, жұмыс жүргізуге қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
* Өсімдік мүшелері және оның қызметі тамыр туралы білімдерін кеңейту.
*Тапсырма орындау барысында өсімдік мүшелерін ажыратуды үйренеді
*Өзара бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеалар:
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.
Тамыр - өсімдікті топыраққа бекітеді. Өсімдікті топырақтан қоректендіреді.
Тапсырмалар: Жеке жұмыс. «Ойлан,тап!»
Тапсырмалар: Топтық жұмыс. «Аквариум»
Тапсырмалар: Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма»
|
Тұсаукесер
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру.
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ақуал туғызу.
1.2. Топқа бөлу. (жылулық шеңбері арқылы жылы лебіздерін айтады және тамыр, сабақ, жапырақ, гүл арқылы 4 топқа бөлінеді) (3мин)
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
- Миға шабуыл. «Ойлан, тап!»(5мин)
(Балаларға өсімдік мүшелерін естеріне түсіріп, атауларын жазып шығу,көрсету. (күнбағыс))
(Бағдаршам арқылы формативті бағалау жүзеге асады. Жауаптың барлығы дұрыс болса – жасыл, бір қате кетсе – сары, екі не одан көп қате болса – қызыл түсін көтереді)
Қызығушылығын ояту. (3мин)
Өсімдік мүшелеріне байланысты бейнеролик көрсетіледі. (1мин)
Талқылау үшін сұрақтар.1. Не көрдік?
2.Сендердің ойларың. (2мин)
ІІІ. Топтық жұмыс. «Аквариум» (15 мин)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді.
Берілген мәтінді оқып, суретті пайдалана отырып, топпен бірлесе талқылайды, ортада баяндамашылар қорғайды және әр топтың бақылаушысы өз бағалауын айтады, қорғалған жұмыстарын топтар өзара бағалайды.
І-топ. Топтастыру. (Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі)
ІІ-топ. Кесте. (сұрақ-жауап)
ІІІ-топ. Тамырға сипаттама беру
ІҮ-топ. Сурет салу. (тақырып бойынша)
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау.
Бақылаушының бағалау парағы
( Топтарда өзара екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы формативті бағалау жүргізіледі)
Бұл қызық! (жантақ туралы мәлімет келіп жетеді)
ІҮ. Сергіту сәті. « Күнбағыс»
Ү. Жеке жұмыс. «Деңгейлік тапсырма.»
р/с
|
Тапсырма
|
Жауабы
|
1
|
Тамыр дегеніміз не?
|
|
2
|
Қандай өсімдіктердің тамырында кіндік тамыр болады?
|
|
3
|
Тест тапсырмалары.
1.Өсімдік – тірі организм
Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?
А) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды
Б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады.
В) Өсімдіктердің пайдасы өте аз.
2.Өсімдік түрлері.
А) таңқурай-бұта
Б) шырша – жалпақ жапырақты
В)ағаш,бұта,шөп
3. Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді?
А) тамыр, жеміс, сабақ
Б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
В)тамыр, жапырақ
4. Тамыр қандай қызмет атқарады?
А) су әкеледі, қорек жасайды
Б) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады
В)жарық,жылу береді
5. Өсімдіктің өсуіне не қажет?
А) Қосымша тамақ
Б) тек қана су болса жеткілікті
В)су,ауа,жылу,топырақ,жарық
|
|
ҮІ.Кері байланыс. 1.Маған ұнағаны.
2.Маған қиын болғаны
3.Ұсыныс не сұрақ
|