Күні:
|
04.02.2019 ж
|
Пән:
|
Алгебра
|
Мұғалім:
|
Мақсұт Мадина
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қосу формулалары
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Білімділік: Қосу формулалары туралы түсінік беріп, екі бұрыштың қосындысы мен айырымының формулаларын қорытып шығару жолдарын үйрету;
2. Дамытушылық: қосу формулаларын есептер шешуде қолдану икемдігін қалыптастыру; Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың міндеті:
|
Түсінік беру, сұрақ-жауап.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың фазалары:
|
Қолданылған стратегиялар:
|
Тренинг
|
Тест және жеке тапсырмалар
|
Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында үй тапсырмаларын тексеруді сұрақ – жауап ретінде өткіздім.
|
Сабақ түсіндіру
|
Жаңа сабақ түсіндіріліп, практика жүзінде есептер шығарылды.. Сабақты бекіту мақсатында тақырыпқа сай жеке тапсырмасы орындалды.
|
Ой толғау
|
Сабаққа деген көз қарасымды айтып,оқушылармен де сабақты қандай дәрежеде өткені жайлы сөз қозғалды. Оқушылар біртіндеп тұрып өз ойларын, пікірлерін айтып өтті.
|
Бағалау
|
Оқушыларды бағалау жеке және жұп , яғни практикалық тапсырмада берілген жеке тапсырмалар және жұптық тест тапсырмаларды қандай деңгейде орындағанына қарай бағаланды және сабақ барысында белсенділік көрсеткен оқушылар бағаланды.
|
Үй жұмысын беру
|
Үй тапсырмасын түсіндіру,оқулықты пайдаланып есептер шығаруға беру.
|
Инновациялық технологиялар
|
Дамыта оқыту
|
Өйткені дамыта оқыту түрі жаңа технологияларды пайдалана(компьютер,интерактивті тақта,проектор),оқушылардың қабілетін жоғарылата оқыту. Бұл оқыту түрі информатика мамандығында жақсы жүргізіледі.
|
Проблемалық оқыту:
|
Проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс – әрекеттерін басқару. Оқушылардың білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсіндіру және шешімін табу.
|
Оқытудың түрлері
|
Даралап
|
Оқушылар жекеше түрде компьютерлерде деңгейлік тапсырмалар орындады. Түсіндіріп олардың сабақты меңгергенін тексердім.
|
Жұптап
|
Оқушылар үй тапсырмасын тексеруде жұптап бөлініп,сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергенін көрсете білді.
|
Топтап
|
|
Ұжымдық
|
|
Жаңа әдіс тәсілдер:
|
Оқушылар әртүрлі фигуралар таңдау арқылы сол жерде жасырылған сұрақтарға жауап берді. Power Point офистік бағдарламасында анимацияны қолданып жасалған түрлі көптеген қызықты жұмыстармен танысты.
|
Сабағыма қойылған мақсатқа жеттім. Жаңа тақырыпты оқушыларға жетік түсіндіре алдым. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып,белсенділігін жоғарылаттым деп ойлаймын.
Оқушылар тек қана жекеше түрде емес жұптық тапсырмаларды жақсы орындай білді. Топта қалай өзін ұстау керек екенін, топтық жұмыстың маңыздылығын,топ мүшелерімен бірлесіп қалай жұмыс жасау керек екенін үйрене білді.Жаңа тақырыпты қалай меңгергенін тексеру мақсатында компьютерлерде жеке отырып тапсырмалар орындады.Сабақ жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын.
|