ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы
Ашық сабақ
3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы шағын қоғам.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.
Ептілікке, жылдамдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ойын элементтері, геометриялық фигуралар,
плакаттар, жазба парақтары.
Сабақтың әдісі: Ойындар, сұрақ-жауап, топтастыру, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекітемін.
3. Жаңа сабақ.
1. «Ой ашар». Бәйге ойыны. (10 сұрақ)
-Табиғат дегеніміз не? (Қоршаған дүние)
-Адамды неге табиғат перзенті деп атайды? (Өзіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады)
-Адамды адам еткен не? (Еңбек)
-Ертедегі адамдардың қолданған еңбек құралы (мүйіз, сүйек, таяқ, тас, шақпақ тас)
-Жер асты суларының әсерінен не пайда болады? (Үңгір)
-Жеті кереметті ата (Хеопс пирамидасы, Семирамида аспалы бағы, Родос алыбы, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Александрия мұнарасы, Артимида ғибадатханасы)
-Зевс мүсінін салған атақты мүсінші (Фидий).
-Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? (үштен екі бөлігін)
-Ауаның құрамындағы газдардың үштен бір бөлігін не алып жатыр? (Оттегі)
-Ғарышқа алғаш қай жылы жол ашылды?(1957 жыл. 4 қазан).
2. «Лото» ойыны.
600:30
|
9-9
|
75:25
|
25-4
|
200:50
|
ғ
|
м
|
а
|
0
|
қ
|
4
|
100
|
20
|
3
|
81
|
қ
|
0
|
ғ
|
а
|
м
|
-Қоғам деген сөз шықты. Қоғам дегенде көз алдарыңа нелер келеді?
-Еліміз, жеріміз, халқымыз, және сол елдің басшысы болады. Ол өз халқына өмір сүру үшін жағдай жасайды. Сол сияқты отбасын да шағын қоғам дейді.
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Отбасы-шағын қоғам» деп аталады.
Тақтамен жұмыс: Тақырып жазу.
Эссе жазу.
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (отбасындағы барлық адамдар)
-Ендеше отбасы басқарушылары әке, анамыз туралы эссе жазамыз.
5. Сергіту сәті. Тақпақтар.
8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында болып жатқан ашық сабағымызда аналар туралы тақпақтар айтсақ. (Оқушылар өздері дайындаған тақпақтарын айтып шығады).
Оқулықпен жұмыс. - Оқып беремін
тізбектей оқыту
қысқаша түсінік айту.
7. Перфекартамен жұмыс. Топтастыру.
ОТБАСЫ
8. Жалғасын тап ойыны: Плакатпен жұмыс. (Сергіту).
1. Ата - бәйтерек,
.............. . (Бала - жапырақ)
2. Ағаны көріп іні өсер,
.............. . (Апаны көріп сіңлі өсер)
3. Аталы бала ақылды,
............ .............. . (Әжелі бала еркетеай)
Әке көрген оқ жонар,
............ .................. .............. . (Шеше көрген тон пішер)
Отан - елдің анасы,
............ .................. .............. . (Ел - ердің анасы)
9. Вен диаграммасы: Салыстыру.
10. Кім тапқыр? (карточкамен жұмыс).
1
4
6
2
7
Кім
тапқыр?
3
5
8
Карточкалардың көрінбейтін жағында тақырыпқа байланысты бекіту сұрақтары болады. Балалар карточканы ашып жауап береді.
11. Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма: 116-118 бет. Оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |