Сабақтың тақырыбы: Отырар-қаһарман қала. Сабақтың мақсаты: 1



Дата08.09.2017
өлшемі53,69 Kb.
#31018
түріСабақ
«Үздік сабақ» байқауына .

Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Сайлауова Айман Қалдыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Отырар-қаһарман қала.

Сабақтың мақсаты:1.Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

2.Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.

3.Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері» тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап:

1.Жiбек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтeдi?

2. Ұлы Жiбек жолының қазақ елi үшiн қандай маңызы болды?

3. Қалалар қандай бөліктерден тұрған?

4. Түркістан, Сығанақ қалалары қазақ халқының тарихында қандай рөл

атқарды?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Отырардың қалыптасу тарихы.

  2. Отырар қорғанысы.

  3. Мәтінмен танысу. «Кім көп біледі?»

«Отырар қаласына» сипаттама беру.

         Отырар

    Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.

    Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.

    VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.

    ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.

    Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.

    Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.

    Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.

  Қызығушылықты ояту. «Шыңғыс хан »



«Тұлғаны танып білу» Шыңғыс хан кім?

-1218 жылы Шыңғысхан басқарған монғолдардың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанады.

-1219 ж. 150 мыңға жуық монғол қолының Отырарға шабуылы.Алты ай бойы жауға берілмей шайқасқан отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын қаланың дарбазасын жауға ашып береді.

-1220 жылы монғолдардың Отырарды алуы.



ІҮ. Бекіту

Тарихи тұлғаларды сәйкестендір

1.Қайырхан а Отырарлық сатқын

2 Шыңғысхан ә Отырар әміршісі

3 Қараша б Монғол империясы ханы
Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын

         1.  Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?

         2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?

         3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.



Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет