Сабақтың әдіс-тәсілдері:
|
Блум таксономиясының білу, түсіну, меңгеру, қолдану, жинақтау бөлімдері, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, есептер шығару, танымдық ойын, тәжірибе жасау
|
Тірек білім мен біліктер:
|
Жану, оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.
|
Құрал-жабдықтар:
|
Слайдтар, таратпа есептер, күкірт, магний, көмір, оттегі толтырылған ыдыс.
|
Оқыту формасы
|
Жеке-дара, топтық жұмыс
|
Сабақтың барысы:
|
Жоспар:
I кезең. Ұйымдастыру
II кезең Үй тапсырмасын тексеру «Білу»
III кезең. Жаңа сабақ. «Түсіну», «Меңгеру», «Қолдану»
IV кезең. «Жинақтау» , «Қорытындылау»
V кезең. Рефлексия
VI кезең. Бағалау
VII кезең. Үйге тапсырма
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(1 минут)
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу. I – топ. II – топ. III - топ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |