Мәселені шешудегі жаңа жол
Озон қабатын қалпына келтіру үшін оны қоректендіріп отыру керек. Жер шарын «емдеудегі» бірінші жоба-озон фабрикасын ашып, оны ұшақ арқылы жеткізу болды, ол өзін ақтамайтын болып табылды.
Осы жолда Ресей консорциумы «Интер Озонды» ұсынды, атмосферада озонды үздіксіз өндіру. Жақын арада немістің «Даза» фирмасымен бірігіп, инфрақызыл лазерлі аэростатты 15 шақырым биіктікке көтеріп, соның көмегімен екі атомды оттектен озон алу жоспарлануда.
Егер бұл зерттеу сәтті болса, болашақта Ресейлік «Мир» орбиталь бекетінде пайдалануға және 400 шақырым биіктікке лазер және энергия көзі болатын бірнеше ғарыштық платформа жасау ұсынылады. Орталық озон қабаты бөлігіне лазер сәулесі бағытталады және оны тұрақты қоректендіріп отырады.
Күн батареялары энергия көзі болып табылады. Ұшақтар бұл платформаларды тұрақты тексеруден өткізіп жөндеу керек екендігін қорытындылайды.
Бұдан өзге тағы бір жоба –қуатты лазер көзін «жұлдыз соғысына» қолдану жоспары жасалған. Әлемдегі дабыл қағарлық жоба орындала ма, оны уақыт көрсетеді. («Химия мектепте»№ 5. 2010 жыл)
|