Сабақтың тақырыбы п әрпі мен дыбысы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата23.12.2021
өлшемі77,55 Kb.
#127813
түріСабақ


Бекітемін А.Имашева

Бөлімі

Әліппе кезеңі

Педагогтің аты-жөні

Жұмабай Б.А.

Күні

23.11.2021 ж.

Сыныбы 1 Г

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

П әрпі мен дыбысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.9.1 әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады;

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою



Сабақтың мақсаты

Дыбыстың таңбасы – әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады.

Сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастырады.



Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Керісіншелер елі».

Үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты келесі балаға береді. Ал келесі ойыншы сөзді керісінше айтады (доп – под, қап – пақ, сап – пас, соқ – қос т.б.)


Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін.


Қолдау

Доп


Сабақтыңортасы (35 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «П» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.


«П п» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«П п» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет бойынша әңгіме құрау.


2.Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

3.Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

5.Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

6.«П» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

7.«П» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

8.Санағыштардан «п» әрпін жасау.


(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

1. Оқулықтың 69-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

2.«П» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

3.Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (топ – доп), сөз ортасына (арпа – арба), сөз соңына (апа – апан) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «п» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «П» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «П» әрпін ауада жазып көрсету.

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

1.Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – мектептің спорт алаңы. Балалар сабақтан соң футбол ойынын ойнады. Сапар қақпаға екі доп соқты. Біздің топ жеңіске жетті».

2.Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгіме төрт сөйлемнен тұрады.

3.«Сапар қақпаға екі доп соқты» сөйлемін сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 5 сөз бар.

4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:

«доп» бір буынды сөз, өйткені «доп» сөзінде бір ғана дауысты дыбыс бар.

5.«Доп» сөзін «доп-п-п» деп созып айтып, «п» дыбысын анық естиді.

6.«П» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

7.Санағыштардан «п» әрпінің сұлбасын жасайды.

1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп

оқиды.


2.Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

3.Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

1.Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«п» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

2.Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».



Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Суреттер


Оқулық

Сызба


Сурет, оқулық, сызба

Санағыштар



Сабақтың соңы
5 мин)


Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Буындардан сөз құрап оқы.

  1. деңгей:

«П» дыбысының сөздегі орнын анықта.

  1. деңгей:

Аспан, арпа, дәптер, ақпан сөздерінің бірімен сөйлем құра.


«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс

Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп туралы оқушылардың білімін бекіту.



Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар буындардан сөздер құрап оқиды: аспан, арпа, дәптер, ақпан.

2-деңгейдегі оқушылар «п» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

3-деңгейдегі оқушылар аспан, арпа, дәптер, ақпан сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
1.Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

2.Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.

3.Жаңылтпашты жаттайды. Тез-тез жаңылмай айтады.

4.«Топ», «доп», «топтала» сөздерін үндестік заңына сәйкес «тоб», «доб»,

«тобтала» деп айтады.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Саралау тапсырмалары


Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020






Рефлексия





Сабақтан алған әсерлерін түрлі түсті қарындашпен қайықты бояй отырып білдіреді.




Желкенді қайық суреті











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет