Сабақтың тақырыбы: п п дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі45,5 Kb.
#46492
түріСабақ
Сабақ жоспар

Пәні Күні:

Сауат ашу 27.10.2014

Сыныбы:

Мектепалды даярлық «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

П п дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты



Білімділік: Жаңа П п дыбысымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, тілін, қиялын дамыту. Балалардың П дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп,байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу


Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

Сұрақ- жауап,ойындар,жұмбақтар

Сабақтың көрнекілігі:

Суреттер, әріптер жинағы, слайдтар, тренажер

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушылардың оқу- құралдарын түгендеу.

  3. Шаттық шеңберін құру

II Үй тапсырмасын тексеру


Т дыбысынан келетін сөздер айту:

Ойын «Кім тапқыр?» ойынында допты кім ұстайды сол мұғалім көрсеткен суреттегі кейіпкер тұралы сөйлем құрайды.



IІІ. Мақсат қою кезеңі

  1. Жұмбақ жасыру

Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады /пияз/

«Пияз» деген сөз қай әріптен басталады?


  1. Тақпақ оқып беру «п» дыбысын тапқызу

Пайдалы деп пияз жеп

Парлады жас көзімнен

«Піссінші» біраз деп

Пысылдадым төзіммен

Балалалар осы сөздер қай дыбыстан басталады?

Бәріміз сол дыбысты дауыстап айтайықшы П

Ал енді балалар назарларынды экранға аударындар

3 «Сиқырлы әліппе»

Сиқырлы әліппеде П әріпінен басталатын тағы қандай сөздер бар екен?

Соларды ата.

Олар қай әріптен басталады?


ІV Жаңа сабақты түсіндіру


Сергіту сәті



Бүгінгі өтетін жаңа дыбыс П дыбысы. П дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді. П дыбысы сөздің басында, ортасында сөздің соңында кездеседі.

Мысалы: Піл, парта сөздерге түсінік беріп П дыбысының жазба баспа түрлерімен таныстырып, жазуды үйрету.


Біз тәртіпті баламыз

Қолға қалам аламыз

Денемізді дұрыс ұстап

Енді жазу жазамыз


Дәптермен жұмыс:

П п ауада жазу

Әуен «Аяқтармен топ топ»

«ойнайық та ойлайық»


1/ Сөздерді оқып көрейік .

Слайдпен жұмыс




V Жаңа сабақты бекіту


-Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

П –дыбысын таяқшамен құрастыру

П дыбысынан қандай сөздер басталады?

«Ойын-тренажер» П дыбысы бар сөзді тап



П әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау.



VI Қорытынды

Не білдім? Не үйрендім?

Уйге тапсырма

Құрамында П дыбысы бар бес сөз ойлап келіңдер.

Қоштасу

Сау болыңдар, балалар!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет