Бүріккіш батырмасында тышқанды шертеміз.
Нұсқағышты түстер политрасына орнатып, қажетті түсті таңдаймыз.
Құралдар тақтасындағы төменгі жағындағы бүрку дағының өлшемін таңдаймыз.
Тышқан нұсқағышын қажетті жерге апарып, сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек.
Сергіту сәті.
ЖҰМБАҚ ШЕШУ.
Соққан желмен түтілік,
Қалқып ұшты үпілік.
Ұстатпайды қусан да,
Өкпесің өшіп, жүгіріп. (бақ-бақ)
Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да. (кітап)
Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. (ай мен жұлдыздар)
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді. (бұлт)
Басы да екеу,
Аяғы да екеу. (қайшы)
«СУРЕТШІ» бөлімі. Оқушыларға бүріккіш құралы мен түстер политрасын қолдана отырып сурет салғызу
ҚОРЫТЫНДЫ:
Балалар, бүгінгі сабақта біз қандай құралмен таныстық?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Бағалау: Оқушыларды тиісінше бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |