Күні: 01.10.20ж
Сынып: 1
Қатысқандар саны:20
Қатыспағандар саны:1
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Сауат ашу.
Мұғалімнің аты жөні:Рамазан Гүлдана
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әріпі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу,түсініп оқу) қолдану.
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сурет сызба,сурет белгілерін қолдана отырып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
1.3.10.1 Заттың атын ,санын,сынын,қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы: Сөздерді буындап оқи алады.
Оқушылардың көбі: Сөздердің мағынасын аша алады.
Оқушылардыңкейбірі: Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
|
Жетістік критерийлері
|
Кк дыбысының дауыссыздар қатарына жататынын біледі.
|
Пәнаралық байлданыс
|
Ана тілі,дүниетану,өзін-өзі тану,сурет
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Оқулық,интерактивті тақта,аудиожазба,суреттер
|
Тілдік құзыреттілік
|
Текемет,кесіртке,кесте,елік,терек
|
Ресурстар
|
Оқулық,дәптер,сурет,қима қағаздар,қарандаштар
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың басы
|
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушыларды түгендеу;
-Сабақта оқушылар назарын өзіне аударту.
Психологиялық дайындық
-Қарашы досым
Дайын ба ,оқу құралың?
Орныңда ма,
Дәптер,кітап,қаламың?
Дайын болсаң,
Басталды міне сабағың
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Ее әріпі мен дыбысына өлең жаттап келу
-Балалар сендер үй тапсырмасын орындадыңдар ма?
-Иә
-Қанекей кім бастағысы келіп тұр?
Ее әріпін естиміз
Елік,емен,елемек
Ее дыбысы дауысты
Қызылмен оны белгілейміз
-Балалар осыған дейін өткен дауыссыз дыбыстарды атаңдар.Ал бүгін осыған келіп Кк дыбысы қосылды.
-Балалар жан-жақтарыңа қарап,Кк әріпінен басталатын қандай заттарды көріп тұрсыңдар?
|
Жаттап келген оқушылардан 5-6 баладан сұрау
|
Сергіту сәті
|
«Көңілді күн» әні
Балалар шеңбер жасап ,би билейді
|
|
Сабақтың ортасы
|
Үш топқа бөлінеміз:
1-топ: «Көгершін»
2-топ: «Көбелек»
3-топ: «Керемет»
1-тапсырма:
Берілген сөздерді әр топ қатесіз,буынға бөліп оқитын боламыз.Кім қателесіп қалса ,ол сыйлық ала алмай қалады.
1-топ:
Кі-сі, кі-ші, ке-ме, ке-се, те-рек, ше-лек,те-ке-мет
2-топ:
ке-ше, кес-те, ер-лік, ме-ре-ке,ес-кі, еш-кі
3-топ:
е-лік,е-тік,кім, еш-кім, кілт,ке-сірт-ке,ке-ре-мет
ҚБ:Оқушыларды Кк стикері арқылы бағалау
2-тапсырма:
Жаңылтпашты жатқа айт.
Шеше,шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
Осы жаңылтпашқа өз нұсқаңды ойлап тап.Қай топ қателеспей айтатын болса,сол топты мадақтаймын.
ҚБ:Басбармақ арқылы бағалау
3-тапсырма:
Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
-Балалар қазір дәптерге әр топ «кім» сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.
Кім?-кісі,Еркін,етікші,ешкі
ҚБ: «Стикер» арқылы бағалау
|
Таныстырылым
Оқулықпен жұмыс.
|
|
|
|
|
Қызықты тапсырма
|
Сурет бойынша тапсырма.
Суретті боя.
1.Көбелекті қандай түспен бояймыз?
2.Көгершінді қандай түспен
3.Кірпіні қандай түспен бояймыз?
|
Суреттерді бояй отырып,олардың есте сақтау қабілетін дамыту.
|
Сабақтың соңы
|
Дәптерімізді ашып, Кк әріпін көркем жазумен жазамыз.Одан кейін Кк әріпінен басталатын сөздерді буынға бөліп жазамыз.
|
Оқулық
Дәптерлер
|
Рефлексия
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін,ой түйіндерін жазып, «Білім ағашына» сары,қызыл,жасыл түстерге жазып,ағашқа жабыстырады.
|
Білім ағашы
|
Бағалау
|
Шапалақтау арқылы:
Жақсы болса үздіксіз 3 рет
Орташа болса үздіксіз екі рет
Қанағаттанарлық болса 1 рет
|
|
Саралау
|
Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді
қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?
1. Әр тапсырманың соңында мадақтау әдісін қолдану
2. Оқулықтан тыс, күрделі тапсырмалар
|
|
Бағалау критерий
|
Сабаққа толық қатысқан оқушыға-5балл
Оқылым бөлімінде толыққанды оқи алмағандарға-4балл
Сабақта жазылым бөлімінде назар аудармағандарға -3балл
Сабақты мүлде түсінбегендерге-2балл
|
Балдарды ескере отырып,оқушының бжілімін анықтау және оны жетілдіруге қосымша тапсырмалар ұсыну.
|
Дескриптор
|
Сөздерді буынға бөліп жазып, К-дыбысы қай буында тұрғанын анықтайды
- сөздегі буын санын анықтайды, оқи алады.
- К дыбысының орнын анықтайды, буынға бөле алады.
|
|
Қорытынды бағалау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
|
|