Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері



Дата17.06.2018
өлшемі49,07 Kb.
түріСабақ
Күні:

Сабақтың тақырыбы:Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал саймандар тақтасы. Палитра.Сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. «Ұшқыр ой» ойыны

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. «Кім білімді» ойыны

5. «Кім жылдам» ойыны

6. Үйге тапсырма беру.



Ұйымдастыру кезеңі.

        1. Сынып оқушыларымен амандасу.

        2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

        3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле».

Жүсіп Баласағұн

Қауіпсіздік ережесін естен шығармайық!

«Ұшқыр ой» ойыны

Слайд бойынша өткен тарауды қайталау.


Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайық




  1. Егер бұл пернені бір рет басса бас (үлкен) әріптермен енгізіледі,

тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледтін қандай перне?

  1. MAUSE – тың қазақша қалай аталады?

  2. Арнайы перне?

  3. Енгізу пернесі?

  4. Оң жақ символды өшіру пернесі?


Жаңа сабақты түсіндіру

Редактор:

  1. Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paint графиктік редакторы іске қосу: пуск – программы – стандартные – графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал-саймандар бар

--суреттің ерікті аймағын белгілеу.

--суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу

--суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш

--тұйық контурды құю

--суреттен түс таңдау

--экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб

--жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш

--ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть

--түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш

--мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу

--түзу сызықтарды салуға арналған сызық

--қисық сызықтарды салуға арналған қисық

--тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек

--салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек



ПАЛИТРА

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады оң жақ батырмамен фонның ал сол жақ батырмамен негізгі түсті дайындаймыз тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек



СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛДЕРІ

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал таңдаймыз егер қажет болса сызықтар қалыңдығын оның конфигурациясын немесе қажет режімді мысалы элипсты таңдаймыз маустың сол жақ батырмасын басып отырып сурет саламыз мәтінді енгізгенде алдымен жазу қаріп оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз



МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады


Кітаппен жұмыс

Paint графикалық редакторын аша отырып кітаппен жұмыс жасау.


«Кім жылдам» ойыны

Paint графикалық редакторындағы құралдар жиынының атымен анықтамаларын табудағы шапшаңдықтарымен білімдерін тексеру.

Топтастыру. Paint графикалық редакторының атқаратын қызметтерін топтастыру
«Кім білімді» ойыны

Электронды оқулық арқылы тапсырмалар орындау



Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?


Сабақ қорытындысы:

  1. Оқушылардың орындаған жұмыстарын текмеріп, білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.

  3. Сынып оқушыларымен қоштасу.

Каталог: uploads -> doc -> 05ac
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05ac -> Сабақ көрнекілігі: үлестірме қағаздар, интерактивті тақта Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Формула әлеміне саяхат. (Тарау бойынша қайталау) ІІІ. Есептер шығару.(деңгейлік есептер шығару) IV. «Кім қырағы»
05ac -> Сабақтың тақырыбы Оқып үйренудің мақсаттары Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
05ac -> Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы әлменова Нұргүл Айкөргенқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет