Сабақтың тақырыбы: Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы



Дата11.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#142714
түріСабақ
Байланысты:
Пайдалы геологиялык хим-


Бөлім:

7.3АХимиялық реакциялар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;

Сабақтың мақсаты :



Барлық оқушылар үшін:
Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар
болатынын анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Адам тіршілігіне қажетті химиялық қосылыстардың пайдалы кендер болып табылатынын сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Металдар мен бейметалдардың қосылыстарын біледі

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.




Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
.

  1. Минералдар дегеніміз?



  1. Тау жыныстары дегеніміз?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.



Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар
болатынын анықтайды

Тапсырмаға байланысты интернет желісін пайдаланып видеоролик тамашалау.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Тапсырма
Жердегі ең кең
таралған минерал..............
Кварц алуан түрлі болады:......................
Ең қымбат минерал................
2.Тапсырма
Мына тау жыныстарының үлгілерін қара: кварц, тас тұзы, тас­ көмір, мәр мәр, бор. Кестені дәптерге сызып толтыр.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Көп нүктені жалғастырады
2.Кестені талдау

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3.Тапсырма
1. Физикалық географиядан алған білімдеріңе сүйеніп, мына түсі­
ніктерге анықтама беріңдер: тау жыныстары, магма, магмалық,
метамор ф тық, шөгінді тау жыныстары.
2. Тізімдегі “артық” тау жынысын тап:
а) гранит, мәрмәр, алмаз;
ә) көмір, торф, гипс;
б) шағыл, сазбалшық, базальт.
4.Тапсырма
Өзің білетін 5 минералға мысал келтір.
4. Дәптерге төрт графадан (жолдан) тұратын кесте сызып, екі­ үш мысал келтір: минералдар тобы, минералдың түзілуі, құрамы,
қол данылуы.

1. Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сұрақтарға жауап береді
2.Кесте сызады

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.




Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет