S=2(ab+bc+ac)
Анықтама
Табандары параллель жазықтықтарда жататын
тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары
табандарына перпендикуляр болатын кеңістік
денелерді тік призмалар деп атайды. Тік призманың
бүйір қыры оның биіктігі болып табылады.
Куб, тікбұрышты және тік параллелепипедтер
призмаларға жатады. Призманың толық бетінің
ауданы Sт.б.=Sб.б.+2Sтаб.
Призма түрлері: алтыбұрышты, төртбұрышты,
Үшбұрышты.
3 ) Анықтама
Пирамиданың көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны
бар, бүйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан
тұрады. Ортақ төбені пирамиданың төбесі дейді.
Пирамиданың табанының қабырғалар саны оның
атауын және бүйір жақтарының саның анықтайды.
Табандарының және бүйір жақтарының
аудандарының қосындысы пирамиданың толық
бетінің ауданы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |