Сабақтың тақырыбы: Параллелепипед. Призма. Пирамида. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#27244
түріСабақ
  1   2   3   4
Күні: 14.04.2010жыл

Класы: 9

Пәні: Геометрия

Сабақтың тақырыбы: Параллелепипед. Призма. Пирамида.

Сабақтың мақсаты: Кубтың көлемін, толық бетінің ауданын, қырын, қарама -қарсы жақтарының арақашықтығың, қырының ұзындығын, пирамиданың, тік призманың толық бетінің ауданын табуды игерту.

Сабақтың білімділік мақсаты: Параллелепипед, призма, пирамида жайлы түсініктерін қалыптастыру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тақырыпты өмірмен, шығу тарихымен байланыстыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту;

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ойын элементтері арқылы ынтасын арттырып, логикалық ой - өрісін дамыту;



Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, өзара оқыту, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Модельдер, бағалау парағы, слайдтар, кеспе қағаздар.

Сабақтың құрал-жабдығы: Power Point бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта, сызғыш

Сабақтың пәнаралық байланысы: Политехникалық пәндермен байланыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесіп, түгелдеу. Сабақтың мақсатын айтып өту.Топқа бөлу. Әділ-қазы алқасын сайлау.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Есеп №273

1. Берілгені: Куб а

a=5 см


_____________________

Табу керек: V,Sт.б. а


а

Шешуі: V=a3=(5см)3=125см3

Sт.б.=6a2=6∙(5см)2=150см2
Жауабы: V=125см3; Sт.б.=150см2
2. Берілгені: Куб

a=3,2дм


_____________________ а

Табу керек: V; Sт.б.

Шешуі: V=a3=(3,2дм)3=32,768дм3
Sт.б.=6a2=6∙(3,2дм)2=61,44дм2

Жауабы: V=32,768 дм2; S=61,44 дм2

Ә) Параллелепипед, призма, пирамида жайлы түсінігін сұрау:

Әр топ мүшелері өз тобының тақырыбын қорғайды.



ІІІ Үй тапсырмасын бекіту

1) Анықтама

Әрбір жағы параллелограмм болып келетін көп-

жақты параллелепипед деп атайды.

Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістік денені

с тікбұрышты параллелепипед деп атайды.



. b Кеңістік денені шектейтін тіктөртбұрыштарды

оның жақтары, тіктөртбұрыштардың қабырғаларын

а қырлары деп, ал олардың төбелерін тікбұрышты

параллелепипедтің төбелері деп атайды.

Тікбұрышты параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Бір төбеден шығатын қырлары тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін V=abc формуласымен табамыз. Мұңдағы a,b,c – оның өлшемдері.

S=2(ab+bc+ac)


  1. Анықтама

Табандары параллель жазықтықтарда жататын

тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары

табандарына перпендикуляр болатын кеңістік

денелерді тік призмалар деп атайды. Тік призманың

бүйір қыры оның биіктігі болып табылады.

Куб, тікбұрышты және тік параллелепипедтер

призмаларға жатады. Призманың толық бетінің

ауданы Sт.б.=Sб.б.+2Sтаб.

Призма түрлері: алтыбұрышты, төртбұрышты,

Үшбұрышты.

3) Анықтама


Пирамиданың көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны

бар, бүйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан

тұрады. Ортақ төбені пирамиданың төбесі дейді.

Пирамиданың табанының қабырғалар саны оның

атауын және бүйір жақтарының саның анықтайды.

Табандарының және бүйір жақтарының

аудандарының қосындысы пирамиданың толық

бетінің ауданы деп аталады.



Sт.б.=Sб.б.+Sтаб.

Тік призма мен пирамида көпжақтар деп аталатын

геометриялық денелерге жатады.

Көпжақтың бір жағына жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні оның диагоналі деп атайды.



ІҮ Деңгейлік тапсырмалар

5-тік ұяшық

1. Тік призманың ең аз болғанда қанша жағы болуы мүмкін?

Жауабы: 5

2. Сегізжақты тік призманың табандары қандай көпбұрыштар болуы мүмкін?

Жауабы: Сегізбұрыш

3. Бесжақты пирамиданың табаны қандай көпбұрыш болуы мүмкін?

Жауабы: Бесбұрыш

4. Бесбұрышты тік призманың қанша төбесі, жағы, қырлары бар?

Жауабы: 10 төбесі, 7 жағы, 15 қыры

5. Алтыбұрышты пирамиданың қанша төбесі, жағы, қырлары бар?

Жауабы: 7 төбесі. 7 жағы, 12 қыры

10-дық ұяшық

1. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.




Sтаб 2)


Һ (м)

V(м3)

1,2

4

?

Жауабы: 4,8 м3


2. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.


Sтаб 2)


Һ (м)

V(м3)

6

?

3,6

Жауабы: 0,6 м


3. V = a b c формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.



а(м)

b (м)

с (м)

V(м3)

3

7

?

210

Жауабы: 10 м


4. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.


Sтаб2)

Һ (м)

V(м3)

?

0,2

0,26

Жауабы: 1,3 м2


5. V = a∙ b ∙c формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.



а (м)

b (м)

с (м)

V(м3)

5

8

12

?

Жауабы: 480 м3


15-тік ұяшық
1. Параллелепипедтің көлемін тап.

Шешуі: V = a ∙b∙ c =10∙3∙15=450 см3



. 15см

Жауабы: 450 см3


3см


10см

2. Барлығы қанша кубик?



Шешуі: 5∙4∙6=120 кубик.


3. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін тап.

9 см


2 см
5 см

Шешуі: V = a b c =5∙2∙9=90 см3

Жауабы: V=90 см3

4. Барлығы қанша кубик?




Шешуі: 3∙2∙4 = 24 кубик
5. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 15 см, биіктігі 20 см, ені 8см.
көлемін тап.

Шешуі: V = 15∙20∙8=2400 см3=2,4 дм3



20-лық ұяшық




  1. №274 (1) есеп

  2. Берілгені: Тікбұрышты параллелепипед

а=1,2 м c

b=3м


c=6м b

___________________________________ a

Табу керек: V; Sт.б.

Шешуі: V = a b c =1,2м∙3м∙6м=21,6 м3

Sт.б.=2(ab+bc+ac)=2(1,2∙3+3∙6+1,2∙6)=57,6м2

Жауабы: V=21,6 м3

Sт.б.=57,6м2


2. №274 (2) есеп

Берілгені: Тікбұрышты параллелепипед

а=3дм


b=6дм

c=4,2дм


___________________________________

Табу керек: V; Sт.б.


Шешуі: V = a b c =3дм∙6дм∙4,2дм=75,6 дм3

Sт.б.=2(ab+bc+ac)=2(3∙6+6∙4,2+3∙4,2)=111,6м2

Жауабы: V=75,6 дм3

Sт.б.=111,6м2
3. №275 (1) есеп

Берілгені: Куб

V=64дм3

____________________



Табу керек: а
Шешуі: V=a3 болғандықтан, == 4дм
Жауабы: 4 дм

4. №277 (1) есеп

Берілгені: Куб

Sт.б.=96 см2

_______________________________________
Табу керек: а
Шешуі: Sт.б.=6а2;

2=96

а2=96:6

а2=16

а=4

Жауабы: а=4см



5. №277 (2) есеп

Берілгені: Куб

Sт.б.=864 см2

_______________________________________


Табу керек: а


Шешуі: Sт.б.=6а2;

2=864

а2=864:6

а2=144

а=12 см

Жауабы: а=12см








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет