Сабақтың тақырыбы: PascalABC программалау тілінің графикалық мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға программалау тілі ABC PASCAL –да графикалық режимде жұмыс істеу үшін графикалық режимді қосуды үйрету. Экранды тазалау операторларымен таныстыру. Графикалық операторларының қызметімен, мәтін жазу және шрифт тағайындау, нысандарға түс беру, түстер палитрасын пайдалану операторларымен тұйық аймақты бояу опеаторларымен таныстыру және суреттер салу дағдыларын қалыптастыру. Координата жазықтығы ұғымдарын пайдаланып әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы сызбалар сыза білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық, эстетикалық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Ұйымшылдыққа, ізденуге, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, электронды оқулық, бейне материалдар.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі -практикалық
Сабақтың типі: Жаңа сабақты бекіту.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу: Үшбұрыш, Шеңбер, Төртбұрыш суреттерін таңдау: Ой - шексіз, қимыл - белсенді, нәтиже - кемел (ұйымдастыру топқа бөлу үшін фигулалар таңдауы қажет, нәтижелерін экранда кейбір мінездемелерін айта кету)
Үшбұрыш тобы:
Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар. Болашақта ел басқаратын адамдар.
Төртбұрыш тобы:
Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Шеңбер тобы:
Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алмайды, достары мен таныстары көп жандар
Үй тапсырмасын тексеру.
Электронды оқулықтағы графика тарауындағы материалдарды оқу. Тест жұмысын орындау.
Негізгі бөлім:
Арнайы әзірленген презентациядан сабақ түсіндіру.
Графикалық режимге көшу операторы: uses GraphABC;
а) Графикалық режимде координата жазықтығы Х координатасы көлденеңнен солдан оңға,У координатасы тігінен жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Кооордината басы экранның жоғарығы сол жақ бұрышының координатасы (0,0) болып табылады. Х пен У координаталары компьютердің экраннының қабілеттігіне байланысты болады. Операторлар қызметімен (интерактивті тақтада жұмыс- сәйкестендіру)
ә) Есепті тақтаға программасын құра отырып түсіндіру.
б) Әр түрлі суреттерді моделін жасау. (жеке карточкадағы сызба бойынша программасын құру компьютерде жазу).
Экранның координаталық жазықтығының бейнесі:
Графиктік режимдегі операторлар:
Оператордың атауы
|
Қызметі
|
SetWindowSize
|
терезенің өлшемі
|
SetWindowHeight(h);
|
графикалық терезен биіктігі
|
SetWindowWidth(w);
|
графикалық терезенің ені
|
ClearWindow(түс);
|
графикалық терезені берілген түспен тазартады.
|
SetPixel(x,y,c);
|
координатасы (x,y) нүктені берілген түс-пен салады.
|
MoveTo(x,y);
|
нүктені белгілеу
|
LineTo(x,y);
|
ағымдағы орналасқан нүктеден бастап координатасы (x,y) нүктеге дейін кесінді сызады;
|
Line(x1,y1,x2,y2);
|
координатасы (x1,y1) нүктеден координатасы (x2,y2) нүктеге кесінді дейін сызады.
|
SetPenColor(түс);
|
қаламның түсін тағайындайды.
|
SetPenWidth(n); -
|
қаламның қалыңдығын тағайындайды.
n – пиксельдер саны
|
Rectangle(x1,y1,x2,y2);
|
диогнальдарының екі шеткі нүктесінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыш сызады.
|
FloodFill(x,y,түс);
|
(x,y) нүктесінен бастап берілген түспен бояйды.
|
SetBrushColor(түс);
|
қылқаламның түсін тағайындайды.
|
Circle(x,y,r);
|
центрінің координатасы (x,y) және радиусы r болатын шеңбер сызады.
|
Ellipse(x1,y1,x2,y2);
|
диагональдарының шеткі нүктелерінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыштың ішіне эллипс сызады.
|
TextOut(х,у,'мәтін')
|
(x,y) нүктесінен бастап мәтін жазу
|
SetFontName(‘name’);
|
шрифт атын тағайындайды.
|
SetFontColor(color);
|
шрифт түсін тағайындайды.
|
SetFontSize(sz);
|
шрифттің өлшемін пунктпен көрсетеді.
|
SetFontStyle(fs);
|
шрифт стилі.
|
Кейбір түстер тізімі:
Ағылшынша
|
Қазақша
|
Ағылшынша
|
Қазақша
|
clBlack
|
қара
|
clCream
|
Ақсұр
|
clPurple
|
күлгін
|
clAqua
|
бирюзовый
|
clWhite
|
ақ
|
clOlive
|
қара жасыл
|
clMaroon
|
қою-қызыл
|
clFuchsia
|
Сирен түстес
|
clRed
|
қызыл
|
clTeal
|
Жасыл қөк
|
clNavy
|
қою-көк
|
clGray
|
сұр
|
clGreen
|
жасыл
|
clLime
|
ашық жасыл
|
clBrown
|
қоңыр
|
clMoneyGreen
|
Жасыл ақша түс
|
clBlue
|
көк
|
clLtGray
|
ашық сұр
|
clSkyBlue
|
көгілдір
|
clDkGray
|
қою сұр
|
clYellow
|
Сары
|
clMedGray
|
сұп сұр
|
|
|
clSilver
|
күміс түстес
|
Түстерді RGB палитрасымен беруге болады: cол үшін түс орнына rgb(r,g,b) жазылады: мұндағы r,b,g - 0 ден 255 –ге дейінгі сандар.
Шрифт стильдері:
Ағылшынша
|
Орысша атауы
|
fsNormal
|
обычный;
|
fsBold
|
жирный;
|
fsItalic
|
наклонный;
|
fsBoldItalic
|
жирный наклонный;
|
fsUnderline
|
подчеркнутый;
|
fsBoldUnderline
|
жирный подчеркнутый;
|
fsItalicUnderline
|
наклонный подчеркнутый;
|
fsBoldItalicUnderline
|
жирный наклонный подчеркнутый.
|
Мысалдар арқылы еске түсірейік: Графикалық экранда пайда болады:
uses GraphABC;
begin
SetWindowSize(700,500);
FloodFill(10,10,clblue);
SetPenWidth(5);
setpencolor(clgreen);
setpixel(200,30,clred);
SetBrushColor(clSkyBlue);
circle(180,100,50);
SetFontName('kz poster');
SetFontColor(clred);
SetFontSize(20);
SetFontStyle(fsBoldItalicUnderline);
SetBrushColor(clblue );
TextOut(300,100,'шеңбер');
TextOut(300,200,'тіктөртбұрыш');
TextOut(300,310,'эллипс');
TextOut(300,400,'кесінді салу');
SetBrushColor(clMaroon );
rectangle(100,180,280,260);
SetBrushColor(clFuchsia );
ellipse(100,290,280,370);
Line(100,400,250,430);
MoveTo(100,400);
LineTo(300,480);
LineTo(250,430);
FloodFill(250,450,clyellow);
Достарыңызбен бөлісу: |