Сабақтың тақырыбы:
Паскаль тілінің басқару операторы. Таңдау операторы
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың өткен материалдар бойынша, алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу;
оқушылардың компьютерде әртүрлі бағдарламалармен жұмыс жасауда әртүрлі амал-тәсілдер ойлау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, материалды еркін қолдана білуге үйрету. Қазіргі заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген топтық жұмыстарды орындау барысында ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қолдану
Сабақтың әдісі: Эвристикалық – зерттеушілік
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика
Сабақтың техникалық құралы: интерактивті тақта, компьютер.
І. Зерделік тапсырмалар блогы
Бақылау сұрақтары
Паскаль тілінің алфавиті. Мәлімет типі
Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Паскаль тілінің сөздігін:
латынның бас және кіші әріптері;
араб цифрлары;
астын сызу белгісі (_) құрайды.
Программа құруда, сонымен қатар, арнайы символдар (+, /, :, $, (), @, {} және т.б.) мен олардың комбинациялары (:=, <>, .. және т.б.) қолданылады.
№2. а) Паскаль тіліндегі арнайы белгілер. Математикалық жазылуын толықтыр- 5 ұпай
Паскаль тілінде
|
Математикалық жазылуы
|
+
|
|
|
|
|
|
/
|
|
=
|
|
< >
|
|
< >
|
|
<=
|
|
>=
|
|
Паскаль тілін 1968-71 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Прогамалар белгілі бір есепті шешуге арналған..Program түйінді сөзінен басталады. Бағдарлама тақырыбы сипаттау бөлімінен үтірлі нүкте арқылы ажыратылады. Операторлық жақшалар: Begin басталып end аяқталады.
ІІ. Ақпарат блогы
Паскаль тілінің басқару операторы. Таңдау операторы
Case операторының толық жазылу пішімі:
Case « селектор өрнек» of
«1-тұрақты» : «1-оператор»;
Case операторының толық жазылу пішімі:
Case « селектор өрнек» of
«1-тұрақты» : «1-оператор»;
«2-тұрақты» : «2-оператор»;
...................................................
«n-тұрақты» : «n-оператор»;
ELSE «n+1-оператор»;
End.
ІІІ. Жаттығу блогы
№1. Апта күндерінің нөмірі бойынша аттарын анықтауға программа құру.
Program apta;
Var n:integer;
begin
writeln('күн нөмірін енгізу');
read(n);
case n of
1: writeln ('dyisenbi');
2: writeln ('seisenbi');
3: writeln ('sarsenbi');
4: writeln ('beisenbi');
5: writeln ('zhuma');
6: writeln ('senbi');
7: writeln ('zheksenbi');
end;
end.
Ж/ы: Ctrl+F9 -5 : Alt+F5- Жұма
№2. Кез келген жыл мерзімін енгізіп, сол жылдың шығыс календары бойынша (қазақша жыл санау) бойынша қай жануардың атына сәйкес келетінін анықтайтын программа құру.
Program jyl;
Var n:integer;
begin
writeln('жыл мөлшерін енгізу');
read(n);
case n of
1: writeln ('мешін');
2: writeln ('тауық');
3: writeln ('ит');
4: writeln ('доңыз');
5: writeln ('тышқан');
6: writeln ('сиыр');
7: writeln ('барыс');
8: writeln ('қоян');
9: writeln ('ұлу');
10: writeln ('жылан');
11: writeln ('жылқы');
12: writeln ('қой');
end;
end.
№3. Ай күндерінің нөмірі бойынша аттарын анықтауға программа құру.
Program ai;
Var n:integer;
begin
writeln('ай нөмірін енгізу');
read(n);
case n of
1: writeln ('Қаңтар');
2: writeln ('Ақпан');
3: writeln ('Наурыз');
4: writeln ('Сәуір');
5: writeln ('Мамыр');
6: writeln ('Маусым');
7: writeln ('Шілде');
8: writeln ('Тамыз');
9: writeln ('Қыркүйек');
10: writeln ('Қазан');
11: writeln ('Қараша');
12: writeln ('Желтоқсан);
end;
end.
№4 (15 ұпай ) Төртбұрыштың периметрі 45 см. Ені 14 см. Төртбұрыштың ауданын есептеу программасын құрыңыз. Қатесін түзет:
Program audan;
var P,a,b,S: real;
begin
Writeln ('периметрі Р енгіз:');
readln (P);
Writeln ('ені а-ны енгіз:');
readln (a);
b:= (P-2*a)/2;
S:= a*b;
Writeln ('b=',b);
Writeln ('S=',S);
end.
Паскаль тілінде программасын құр:
алг есеп
арг х
нәт У
басы
енгізу х
У:=2*х-3
енгізу У
соңы
ІҮ.Білімді есепке алу блогы
№6 Сауалнама (5 ұпай )
№1. Паскаль тіліндегі типтер нешеге бөлінеді?
а) 2 ә)3 б)4 в)5
№2. Қате жауапты тап: Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп -
а) Шамалардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен байланысуға болатын амалдардың жиыны
ә) Шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама
б) Шамалардың қабылдай алатын тек нақты сандар жиыны
№3. +4, -100, 30 000 сандарының типін көрсетіңіз:
а) нақты –REAL ә)бүтін- INTEGER б)логикалық –LOGICAL в)символдық- CHAR
№4. У:=’ шешімі жоқ’ сандарының типін көрсетіңіз:
а) нақты –REAL ә)бүтін- INTEGER б)логикалық –LOGICAL в)символдық- CHAR
№5. 2.65; 0.865; -10,01 cандарының типін көрсетіңіз:
а) нақты –REAL ә)бүтін- INTEGER б)логикалық –LOGICAL в)символдық- CHAR
Ү. Қорытындылау
Бағалау
45-50 ұпай «5»
30-44 ұпай «4»
9-29 ұпай «3»
Үйге тапсырма :
Паскаль тілінің басқару операторы. Таңдау операторы
Достарыңызбен бөлісу: |