Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы.
Сабақтың мақсаты: Күй құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс- салты туралы мағлұмат беру; сыни ойлау арқылы білімдерін тереңдету.
Күтілетін нәтижелер:
пәндік нәтиже: тақырып мазмұнын меңгерту, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейі артады;
жүйелік–әрекеттік нәтиже: өнерге деген қызығушылығы артып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдері дамиды;
тұлғалық нәтиже: күй өнерін, әдебиетті сүйе біледі;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «болжау әдісі», диалог, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка
Сабақтың көрнекілігі: автордың ,күйшілердің, қазақ халық аспаптарының суреті , (презентация)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.
3. Үй тапсырмасын талдау.
«Аңыз арнасы» аңызы бойынша жұмыс жүргізу.
Топтық жұмыс бойынша талдау.
І топ: Қырғыз батырына сипаттама беру.
ІІ топ: Домалақ анаға сипаттама беру.
ІІІ топ:Домалақ ананың сары айғырды алып қалу себебі неде?
Осы аңыздың мағынасына сай қандай мақалдар айтар едіңдер?
І. Қызығушылықты ояту:
-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
- Күйді қандай аспапта ойнайды?
-Күйді кім шығарады?
- Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? (музыка сабағына саяхат) (презентация)
-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
Топтарға бөлу
І топ «Жазушылар»
ІІ топ «Ақындар»
ІІІ топ «Суретшілер»
Топбасшыларын сайлау (бағалау парағын тарату)
ІІ.Мағынаны тану:
Балалар, бүгін сендермен Меңдібай Әбілұлының «Құпия әуен» атты әңгімесімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
-Күй» дегеніміз не?
«Күй – көне музыкалық шығарма»
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.
Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды.
«Болжау әдісі» бойынша мәтінді оқу, талдау.
І топ «Жазушылар» - «Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,-депті бір жоңғар тізерлей кетіпі» деген жерге дейін оқиды, мазмұнын айтып береді.
Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)
ІІ топ «Ақындар» - « Мұны естіген қолбасшы» деген жерге дейін оқиды, мазмұндайды.
Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)
ІІІ топ «Суретшілер» - «Мәтінді соңына дейін оқиды»
Балалар, мәнін мазмұны біз ойлағанмен сәйкес келді ме? Өз ойларын айтады.
Сергіту сәті: «Әлқисса» (балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды)
Топпен жұмыс
«Жазушылар» тобы: Күй тыңдау барысынада көз алдарына елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп, эссе жазу.
«Ақындар» тобы: «Күй» сөзіне «бес жолды өлең» құрастыру.
«Суретшілер» тобы: «Құпия әуен» естігендегі жоңғарлардың әрекетіне топтастыру жасау.
Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Бірін-бірі «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісімен бағалайды.
ІІІ.Ой толғау:
Құрманғазының «Адай» күйін көздерін жұмып тыңдау .
Күйді тыңдап , не туралы екенін әңгімелеу
-Біз тыңдаған күймен қандай байланысы бар?
Күй әсері
«Күй әсері» сөзіне топтастыру жасау
Бағалау: топ басшыларының бағалауы,мұғалімнің жиынтық бағалауы; жетістіктер мен кемшіліктерді атап өту.
Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, күй туралы қосымша деректер жинақтау.
Рефлексия:- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Мен білдім...
Мен үйрендім...
Менің қолымнан келді...
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының
№3 Явленка орта мектебі» КММ
Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы.
Онлайн сабақ
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Исмағұлова Р.С.
2015 – 2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |