Сабақтың тақырыбы: «поэзия, менімен егіз бе едің?!»


Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру



бет2/8
Дата09.02.2022
өлшемі249,34 Kb.
#131279
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
- Армысыздар, өлең сүйер қауым!
- Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.
Сайыстың кезеңдері:
І кезең Таныстыру
ІІ кезең Кім жүйрік? Сұрақ-жауап
ІІІ кезең Аудио сұрақтар тақтасы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар жасырылған аудио өлеңдерінің атын табады.
ІҮ кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Ү кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевсөзіне жазылған әндерді орындау.
ҮІ кезең «Жылдар сөйлейді» Бұл кезеңде оқушылар берілген жылдарға байланысты оқиғаларды атап айтады.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»,-деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «Ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың бүгін туылған күні. Осыған орай ақынды 1 минут үнсіз еске алайық!
Видео «Есіңе мені алғайсың»
(1 минут үнсіздік)
І кезең Таныстыру
Өмір деген-бір жарқ еткен найзағай»,
Өмір деген-көк аспанның күркірі
Пай, пай, өмір,
Өтесің-ай бір күні!»-демекші, қайталанбас құбылыстай жарқ еткен найзағай ғұмыр өте шықты .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет