Сабақтың тақырыбы Портрет. Суретші мен оның автопортреттері Оқу мақсаты



Дата28.12.2022
өлшемі20,52 Kb.
#164805
түріСабақ
Байланысты:
бейнелеу 12.10 (копия) (копия)


Пән: Бейнелеу




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сайфулланова Диляра

Сынып: 4 Д

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Портрет. Суретші мен оның автопортреттері

Оқу мақсаты

1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тəсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлығы:
Портрет дегеніміз не деген сұраққа жауап бере алады.
Көпшілігі:
Өз идеялары мен ойларын айтып, визуализация жасай алады.
Кейбірі:
Портрет суретін сала алады.

Бағалау критерийлері

  1. Портрет» және «автопортрет» ұғымдарымен танысу.

  2. Өткен сабақта автопортрет салу бойынша меңгерген білімдерін бекіту.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминдер​Диалогқа/ жазуғапайдалы  сөз тіркестер қатары
Онда келесілер қарастырылған: 
•​ табиғат, пейзаж, дала, таулар, көлдер;
•​ халық биінің ерекшелігі;
•​ өрнек, ою, костюм, қамзол, шапан, 
тақия, қолданбалы өнер;
•​ үлгі, гуашь техникасының әдістері.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс

Математика, көркем еңбек, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;



Сабақтың барысы

Сабақтағы жоспарланған кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Тапсырма

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.
Психологиялық ахуал жүргузі.

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру:


Мұғалім сабақтың басында оқушыларды «портрет» және «автопортрет» ұғымдарымен таныстырады. Оқушылардың назарын портреттер алуан түрлі болатынына аударады, яғни олар әртүрлі материалдардан жасалады, суретші ұқсастықты бергісі келеді, тіпті бейнелеп жатқан адамы туралы өз әсерін жеткізгісі келуі мүмкін. Портрет арқылы адамның алуан түрлі көңіл күйін беруге болады. Мұғалімнің таңдауы бойынша оқушылармен бірге бірнеше портрет түрі талданады.



Жаңа тақырыпты меңгеру
Жұмыс орындалатын қағаз пішімі А3 парақ өлшемінен аспау керек. Егер өлшемі кішірек болса тіпті жақсы. Балаларға бейнені дәл ортаға орналастыру керегін түсіндіріңіз. Композиция туралы сабақ әлі алда болғандықтан, балаларды қазірше дұрыс орналастыруға бағыттау керек.



Презентация
№ 1-3 беттер
Оқулық, 20–21- беттер. Әр дәуірдегі және елдегі әйгілі суретшілердің әртүрлі эмоционалды мазмұнда әсерлі түсті гамма мен сызықтарды пайдаланып жасаған портреттік жұмыстары.



Сабақтың ортасы

1,2 тапсырма орындау 
(тілдік мақсат орындалу керек)
*Қауіпсіздік ережелерін ескерту
1-тапсырма
Одан кейін оқушылар автопортрет жасайды.Оқушылар оқулықтың 22–23-беттеріндегі иллюстрацияларды қарап шықсын.
Дескриптор:
Білім алушы
1)Тақырып бойынша жаңа білім алады.
2)Алдымен ең ірі бөлшектерін – беті, мойны мен денесінің бір бөлігін мүсіндейді. Ол үшін керекті түс таңдалады
3)Өз автопортретін салып үйренеді.

Шығармашылық жұмысқа оқушыларды дайындап, сурет салуға кірісу.





Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
-Адамның ең ірі бөлшектерін: беті,мойны мен денесінің бір бөлігін мүсіндейді. Одан кейін үсақ бөлшектеріне көшеді.
Оқушылардың салған суреттеріне көмектесу. Қатесін түзеп, айтып ұқтыру.



Оқулық, презеньацтя

Сабақтың соңы

Оқушылармен жалпы сабақты қорытындылап, кері байланыс жүргізу.
“Жетістік баспалдағы” әдісі арқылы жүргізіледі

Оқушылар тақтаға шығып өздерінің сабақ бойындағы алған білімдерін саралау арқылы, қай баспалдақта тұрғандарын айтады.

Кері байланыс парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет