Сыныбы 6, информатика
|
Күні 21.09.2017
|
Сабақтың тақырыбы
| Power Point-программасымен презентая жасау |
Мақсаты
|
Оқушыларға Power Point- программасы туралы жалпы мәлімет беріп, оқушыларды презентация жасауды еркін меңгерту.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту;
Power Point программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
|
Керекті жабдықтар
|
Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, белсенді тақта, бағалау парақтары
|
Әдіс-тәсілдер
|
Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауап, Блум өлшемдері арқылы тапсырмалар, сөзжұмбақ, сергіту сәті
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5 мин
|
Амандасамын
Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызып, сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін. Бөлінген топтар бойынша үй тапсырмасын сұраймын.
|
Амандасады
Сынып оқушылары бір-біріне гүл ұсыну арқылы топқа бөлініп, бір -біріне жағымды сөз айтады. Топтар бойынша сұрақ - жауапқа жауап береді.
|
Тұсау кесер
3 мин
|
«Түсіну» Презентация арқылы жаңа сабақты түсіндіремін, сабаққа мысалдар келтіремін.
|
«Түсіну» Оқушылар интерактивті тақта арқылы жаңа сабақты түсінуге тырысады.
|
Негізгі бөлім
7 мин
10 мин
7 мин
|
«Қолдану» тапсырмасы.
Power Point мүмкіндіктерімен, құралдарымен жеке таныстырып оны қолдануна оқушыларға мүмкіндік беру.
«Талдау» Оқушылардан сұралады: егер сендердің өнім өндіретін жеке фирмаларың болса, қалай жарнама жасар едіңдер(Натуралды шырын, шоколад конфеті, автомашина дөңгелегі, құрылыс материалдары).
«Жинақтау» бөлімінде сергіту сәті: «Орамал тастау» ұлттық ойыны. Жұппен жұмыс. Ережесі: әр жұп бір өрнектен дайындайды. Бірінші жұп орамалға салып өрнегін қарсы жұпқа лақтырады. Ол жұп келген өрнекті алып қалып, өздерінің өрнегін орамалға салып қарсы жұбына береді, ал алып қалған өрнекті жұппе орындайды.
|
«Қолдану» тапсырмасы.
Power Point құрал саймандарын қолданып көру.
«Талдау» Оқушылар өз ойларын айтады. Презентация жасап, өнімдері туралы толық мәлімет беретінін. Өз ойларын плакат бетіне түсіреді.
«Жинақтау» бөлімінде ойынға ат салысады. Жұппен өрнек дайындап, кезегі келгенде қарсы жұпқа береді, өздері басқа қарсы жұп берген өрнекті шешеді.
|
Қорытынды
8 мин
Кері байланыс
1 мин
4 мин
|
Экранда он екі ұяшық көрінеді. Таңдалған ұяшықта сұрақ жасырылған, таңдалған саннаң сұрағы оқылады, жауабы экранда көрінеді.
Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын.
Үйге: Power Point-программасымен презентая жасау
«Бағалау» бөлімінде бағалау парақтарындағы
бағалар арқылы оқушылардың пікірін ескере отырып, Excel бағдаламасында бағалау.
|
Әр оқушы бір ұяшықты таңдап, жасырын сұраққа жауап береді.
Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін баяндайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады
Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
|
Сабақтың өзіндік талдауы:
|
Сабақ бойынша өзгертулер
|
|