Сабақтың тақырыбы Презентацияны құру және безендіру



Дата06.01.2022
өлшемі34,71 Kb.
#109634
түріСабақ
Байланысты:
1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

7 Бөлім. Презентацияны безендіру

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Презентацияны құру және безендіру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.2 компьютер программаларыңда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

3.1.2.4 компьютерлік программада меню командаларын қолдану;

3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау;

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттер қолдану .



Сабақ мақсаттары

  • Слайдты өшіру, қосу, көшіру командаларымен таныстыру, сондай-ақ презентациядағы өзгерістерді сақтау;

  • Презентацияға сурет және мәтін қосуды үйрену, тақырып бойынша қажет суретті таңдауға дағдыландыру;

Бағалау критерийлері

Оқушылар презентация құрады, мәтін, сурет, анимация және дизайн қосады.

Тілдік мақсаттар


Сабаққа қатысты лексика және терминология:

Слайд, анимация,ауысу, дизайн, презентация.



Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Презентация – бұл …

Презентация құрмас бұрын …

Әдемі презентация болу үшін қосу керек …



Құндылықтарды дарыту

Тәжірибелік жұмыс барысында академиялық тұтастықты сақтау, өзара бағалау. Топта жұмыс істей білу, сыныптастардың жауаптарын тыңдау, объективті бағалау, этика нормаларын сақтау қабілеті арқылы бір-біріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

Тақырыбы аясында: "Су – тіршілк көзі"

Осыған дейін меңгерілген білім

Интернеттен ақпарат таба алады және басқару терезелерімен жұмыс жасайды.
Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Сабақтағы іс - әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 мин


  1. Ұйымдастыру кезені.

Сәлемдесу. Оқушылардан қауіпсіздік техникасын сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ тақырыбына алып келу үшін келесі сұрақтарды қойыңыз (талдау):

  • Компьютерлік презентация деген не?

  • Слайд дегеніміз не?

  • Презентация не үшін құрылады?

  • Презентация қандай программаның көмегімен құрылады?

Оқушылар біріге отырып сабақ мақсаттарын және бағалау критерийлерін талдайды(тақтаны қолдану).

Презентация, Слайд 1

Сабақтың ортасы

6-10 мин


11-25 мин

25-35 мин

35-38 мин


Оқушылар презентацияны құрмастан бұрын жоспарлау қажеттігін оқушыларға түсіндіру. Презентация құру кезеңдерңмен таныстыру.

  1. Көрсетіп үйрету

Оқушыларға PowerPoint программасында қалай жұмыс істейтінін көрсетіңіз, олар мәзірде қолданылатын, дизайны қалай өзгерту керектігін, нысандарды және анимацияны қалай қосатындығын көрсетіңіз.

Түсінгенін немесе түсінбегенін білдіру мақсатында жасыл және қызыл немесе сары белгішелерді көрсетеді.

Жасыл – толық түсіндім

Сары – түсінбеген жерлерім бар

Қызыл - мүлдем түсінбедім


  1. Практикалық бөлім

Топтық жұмыс

1 тапсырма.

Оқушыларды екі топқа бөлу. Топтар слайдқа қойылатын талаптарды анықтау керек:

1-топ анықтайды, не керектігін,

2-топ не керек еместігін анықтайды.

Топтар талдауларын плакатқа түсіреді, кейін топтың бір мүшесі тақтаға шығып жауаптарын түсіндіреді.
2 тапсырма.

Жеке жұмыс.

Кітаппен жұмыс жасайды. Мәтіндік редактор мен презентацияның айырмашылығын схема бойынша сызып көрсетеді.

PowerPoint және оның мүмкіндіктерін қолданып ActivInspair бағдарламасында сұрақтарға жауап беру. Сабақты қорытындылау.


Слайд 2

Слайд 3-4


Слайд 5

Слайд 6

Ресурс 1


Ресурс 2

Сабақтың соңы

39-40 мин



Рефлексия «

«Екі жұлдыз – бір тілек». Гүл жапырақтарын құрау арқылы стикерлерін жабыстыру.



Слайд 7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет