Оқушылар презентацияны құрмастан бұрын жоспарлау қажеттігін оқушыларға түсіндіру. Презентация құру кезеңдерңмен таныстыру.
Көрсетіп үйрету
Оқушыларға PowerPoint программасында қалай жұмыс істейтінін көрсетіңіз, олар мәзірде қолданылатын, дизайны қалай өзгерту керектігін, нысандарды және анимацияны қалай қосатындығын көрсетіңіз.
Түсінгенін немесе түсінбегенін білдіру мақсатында жасыл және қызыл немесе сары белгішелерді көрсетеді.
Жасыл – толық түсіндім
Сары – түсінбеген жерлерім бар
Қызыл - мүлдем түсінбедім
Практикалық бөлім
Топтық жұмыс
1 тапсырма.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Топтар слайдқа қойылатын талаптарды анықтау керек:
1-топ анықтайды, не керектігін,
2-топ не керек еместігін анықтайды.
Топтар талдауларын плакатқа түсіреді, кейін топтың бір мүшесі тақтаға шығып жауаптарын түсіндіреді.
2 тапсырма.
Жеке жұмыс.
Кітаппен жұмыс жасайды. Мәтіндік редактор мен презентацияның айырмашылығын схема бойынша сызып көрсетеді.
PowerPoint және оның мүмкіндіктерін қолданып ActivInspair бағдарламасында сұрақтарға жауап беру. Сабақты қорытындылау.
|