Өткен тақырыптарды қайталау
Қандай денені көпжақ деп атаймыз?
Көпжақтың диагоналы дегеніміз не?
Дөңес көпжақ деп қандай көпжақты атайды?
4) Дөңес көпжақтың жағы, қыры, төбесі деген не?
5) Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?
6) Үшжақты бұрыш деген не?
7) Үшжақты бұрыштың қандай элементтері болады?
8) Көпжақты бұрышты қалай аламыз?
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Зерттеу жұмысы-1 Жұмыс түрі: жұптық жұмыс
Әдісі: зерттеу
Орындалуы: Оқушылар ұсынылған бейне материалдарды пайдалана отырып мәселенің шешу кезеңдері мен жолдарын өзбеттерінше оқып, пайымдайды. Өз түсініктерін екінші жұп мүшелеріне түсіндіреді.
Ұсынба:Оқушыларға жұпта орындайтын шығармашылық тапсырма ұсыныңыз: суретте берілген денелердің арасынан көпжақтарды таңдаңыздар. Олардың қайсысы призма болып табылады?
Геометриялық денелер:
Тапсырма: 1.Призмаларүшін көрсетіңіз:
а) төбесін;ә) табанын;б) жақтарын;в) қырларын.
2.Призманың табанында қандай көпбұрыштар жатады?
3. Призманың табандары қандай жазықтықта жатады?
4.Призманың бүйір қырлары қандай кесінділер болады?
5.Параллелепипедтің барлық жақтары қандай көпбұрыштар болады?
6.Тікбұрышты параллелепипедтің неше өлшемі бар?
7.Тікбұрышты призманың табандары және бүйір жақтары қандай көпбұрыштар болып табылады? (төртбұрышты, бесбұрышты)
8.Үшбұрышты (төртбұрышты, бесбұрышты) призманың қанша жағы бар?
9.Призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданы қандай беттерден тұрады?