Пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Проблемалық оқыту технологиясы туралы түсіндіру, оның мақсаты мен міндеттерін, кезеңдері мен деңгейлерін, әдістері мен түрлерін ұғындыру, негізгі идеясын түсіне білуге жетелеу.
Дамытушылық: Проблемалық оқытудың тиімді және тиімсіз тұстарын ажырата алу, дәстүрлі оқыту әдісімен салыстыра білу дағдыларын дамыту. Өз бетімен іздену арқылы пролеманы шеше білуге жетелеу. Ғылыми тілде сөйлеу дағдыларын дамыта түсу, жаңа терминдер арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Проблемалық сұрақтарды шеше білуде табандылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.