Сабақтың тақырыбы: Райымбектің автобусы Сабақтың мақсаты



Дата14.04.2017
өлшемі31,29 Kb.
#13887
түріСабақ
Сабақ жоспары

  1. Пәнаты:Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 6 В

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан:ІІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Райымбектің автобусы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға байлау, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыппен байланыстыру.
Дамытушылық: күрделі сөздерінің жасалу жолдарын қайталап, грамматикалық талдаулар жасай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі парақша, АКТ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына өздерің туралы мәліметті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2-тапсырма. Жоғарыдағы сөйлемдерді негізге ала отырып, сұрақтар құраңдар. Оны сыныптастарыңа қою арқылы жауап алыңдар.

3-тапсырма. Әңгімені оқыңдар. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.


ІІІ деңгей

1.Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Райымбек нешінші сынып оқушысы?

2.Райымбек мектепке нешінші бағыттағы автобуспен барады?

3.Райымбек Амантай ағайды неге өз әкесіндей жақсы көреді?

4.Бала күнделікті уақытынан неге кешікті?



5.Амантай ағайдың қандай сөзі баланың көңілін көтерді?

2. Мына сызбадағы көп нүктенің орнына әңгімеден күрделі сөздерді теріп жазыңдар.




ІІ деңгей

1.Әңгімеге жоспар құрыңдар, сол бойынща әңгімелеңдер.

2.Мына сөйлемдерге сұрақ құраңдар.

1.Бұл аялдамадан қатынағанына биыл 6 жыл болды.

2.Мектептегі жақсы жаңалықтарымен бөліседі, өзінің жетістіктерін айтып қуанады.

3. – Сендей баласы бар анаң тез-ақ тәуір болып кетеді, алаң болма, - деді Амантай ағай






І деңгей

Мәтінді мазмұндаңдар


Сабақты қорытындылу.



Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет