Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздары стилі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата07.12.2016
өлшемі51 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 9сынып

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Ресми іс - қағаздары стилі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ресми іс қағаздары стилі туралы түсінік.қалыптастыру.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды іс құжаттарды сауатты жазуға үйрету.

  3. Дамытушылық: іс құжаттардың түрлерімен таныстыру, өмірде пайдалана білу.

Сабақтың түрі жаңа сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу. практикалық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Білімдерін тексеру:

1.Стиль дегеніміз не?



2. Стильдердің қандай түрлерімен таныстық?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Іс қағаздары дегеніміз –жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым –қатынас құралы.

Іс қағаздардың мынадай түрлері бар:


  1. Әр түрлі мазмұндағы арыздар.

  2. Өмірбаян.

  3. Анықтама, түсінікхат, ақпар, есеп, хабарлау т.б.

  4. Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т.б.

  5. Мекемеде өткен мәжілістің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат –хаттама.

  6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, ұсыныс т.б.

Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше. өндірістегі істің, адам өміріндегі іс-әрекеттердің дұрыс, дер кезінде іске асуы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты. Құжаттардың сапасыз дайындалуынан қабылданған шешім орындаушыларға өз мәнінде жетпей, 35%-ға дейін шала атқарылады екен.

Іс қағаздары мазмұны екі ұшты болмай, дәл, анық жазылады. Оның құрылысы (композициясы) белгілі бір тәртіп, рет бойынша ұйымдастырылады, мәтін қысқа құралады. Мәтіннің қарым-қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі болады. Мәтін баяндау стилінде жазылады.

Құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынады.

Құжаттарға қойылатын осы талаптарды орындау үстінде іс қағаздарының стилі қалыптасты.



Өмірбаян жазу – оп-оңай, қашан, қайда, кімнен тудың дегенді айтсаң болды деп түсінеді кейбіреулер. Өмірбаянды жазу оңай емес.

Бір адамның өмірбаянын түрлі-түрлі жазуға болады. Бірі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы өзінің баяндауы. Онда адам өзінің туған күні мен айын, жылын, туған жерін, қандай әулеттен шыққанын айтудан бастайды. Өз өмір жолын қысқаша шолып өтеді. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын келеді.

Өмірбаянның екінші түрі – адамның өз өмірін өзі туған кездегі қоғам өмірімен байланыстыра кең түрде баяндауы. Бұл түрі атақты ақын-жазушылардың, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің шығармаларында көп кездеседі. Мысалы, Жамбылдың «Менің өмірім» деп аталатын поэмасы.

Саяси –шығармашылық өмірбаяндар бар. Оны өмірбаян иесінің өзі емес, басқа адам жазады. Мысалы, көркем әдебиет классиктерінің, ірі қоғам қайраткерлерінің қызметі, шығармашылық жолы туралы екінші бір адам жазуы мүмкін.

Қазақ халқының ұлы ағартушылары: Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Сәкен Сейфуллиннің, Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың шығармашылық өмірбаяндары өмірі мен қызметі туралы жазылған өмірбаяндарды атауға болады.

Үлгі:

Мен, Асанқызы Әлия, 19.. жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында тудым. Отбасымызда төрт адам бар: Әкем, шешем, ағам және мен.

Әкем Садықұлы Асан – заңгер, Алматы қалалық сотының мүшесі. Шешем Асқарқызы Ғалия – дәрігер, №1 емханада көз дәрігері болып істейді. Ағам Әсет студент, ҚазМҰУ-дің тарих факультетінің 4-курс студенті.

Мен 19.. жылы Алматы қаласындағы №54 мектеп-гимназиясын бітірдім. Сол жылы Қазақ мемлекеттік заң институтының кәсіпкерлік құқық (құқық қорғау) органдары, мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетіне түстім. Қазір екінші курс студентімін.



      1. Ә. Асанқызы.


Анықтама

Осы анықтама азамат_______________бейбітшілік көшесінде №___пәтерінде тұратынын растайды.

Анықтама____________________ үшін берілді.

№__ТПУ үй басқарушысы________(аты-жөні)

«__________ » ______________________200___ж

Хаттама


Алқалық ұйымдардың жиналыстарында, мәжілістерде мәселені талқылау барысы мен шешімдерін тіркейтін құжат.

Хаттаманың құрылымы:



      • мекеменің аты

      • құрылымдық бөлімшенің аты

      • құжаттардың аты

      • мерзімі, индекс, мәжіліс өткізілетін жер.

      • Хатталынатын кеңес аты.

      • Төрағаның, хатшыны, қатысушыларды көрсету.

      • Күн тәртібі 1. 2.

      • Тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды формасындағы мәтін

      • Төраға, хатшының қолы.


Бұйрық

Бұйрық мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт.

Бұйрықтың құрылымы:


      • бланк, штампының реквизиттері.

      • Құжаттың аты

      • Күні, нөмірі

      • Шыққан жері

      • Мәтіннің тақырыбы

      • Мәтін

      • Бақылау туралы белгі

      • Мекеме басшысының қызметі қолы, аты-жөні

      • Құжаттың орындалуы туралы белгі.





ІV .Жаңа сабақты бекіту:

1-топ Өмірбаян жазғызу.

2-топ Түсініктеме жазғызу.

3-топ Бұйрық жазу

4-топ Сенімхат жазу

Оқулықпен жұмыс

79,80-жаттығу

1. Мәтіндерді оқып шығып, бір-бірімен салыстырыңдар. Стильдің қай түріне жататынын анықтаңдар.

2. Стиль түрлеріне түсінік беріңдер.
83-жаттығу

Іс қағаздары стиліне жататын төмендегі мысалдарды оқып, түрлерін ажыратыңдар, олардың басқа түрлеріне мысал келтіріңдер.

Сабақты қорыту

Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. «Қар лақтыру » ойынын ойнату


V. Үй тапсырмасын беру.

85,86,90 –жаттығу. 98 бет.



VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ. Сабақтың аяқталуы:
Каталог: uploads -> doc -> 09bf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09bf -> Қазақ тілі 5 "Г" сынып Пән мұғалімі Кобзаренко Т. А. 28. 11. 2015ж


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу