Сабақтың тақырыбы: Резистор және реостат Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135344
түріСабақ
Байланысты:
қмж 8физика


Сабақ : Физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі: Қалдыбаева Н

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Резистор және реостат

Сабақ негізделген
оқу мақсаты (мақсаттары):

Резистор мен реостат туралы мағлұмат беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады:
Тақырыптың маңызын түсінеді.
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Реостат, резистор, электр тогы, кедергі



Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер):

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Реостат

Реостат

Rheostat

Резистор

Резистор

Resistor

Кернеу

Напряжение

Voltage

Кедергі

Интерференция

Interference

Параллель

Параллельно

Parallel

Тізбектей

Последовательный

Consistent




Талқылауға арналған тармақтар:
Реостат .......................................элементі.
Резисторлар............................ерекшеленеді.



Жазылым бойынша ұсыныстар: Тапсырмаларды дәптерге орындайды.

Алдыңғы тақырып

Электр кедергісінің температураға тәуелділігі

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Ресурстар

Басталуы.53 минут



І.Ұйымдастыру. 
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. 1,2,3 - ке санау арқылы сыныпты 3 топқа бөлеміз.
ІІ. «Ашық микрофон» әдісі
1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?
2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?
Өзара бағалауда дискриптор құру.
1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі туралы және оның себебін біледі.
2. Асқын өткізгіштік құбылысын айта алады.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Резистор және реостат»
Тізбектегі ток күшін реттеу үшін көптеген жағдайларда арнаулы прибор - реостаттар қолданылады.
Резистор – бұл меншікті кедергісі бар электр тізбегінің элементі. Резиторлардың негізгі параметріне кедергі жатады.
Реостат – электр тізбегіндегі токты немесе кернеуді реттеуге арналған аспап.
Реостаттың функциясы қарапайым. Ол токты немесе кернеуді басқарады.

ІV. Топтық жұмыс 3 топқа деңгейлік тапсырмаларды беру
1. Кедергілері R1=10 Ом, R2=15 Ом, R3=30 Ом үш резистор параллель жалғанған. Ток көзіндегі кернеу 36 В.
А деңгейге
а) Осы қосудың электр схемасын сызыңдар
В деңгейге
б) Табыңыз:
1) Жалпы кедергіні

2) R1 резисторлардағы ток күшін


3) R2 резистордағы ток күшін
4) R3 резистордағы ток күшін
С деңгейге

Өзін -өзі бағалауды жүргізуде дискриптор құру.


1. Жалпы кедергіні анықтайды.
2. Резистордың ток күшін біледі.
3. Есептер шығара алады.



Оқулық, дәптер




Ортасы
30 минут






Слайд, оқулық


Үлестірмелі карточка,

Аяқталуы
7 минут

V. «Ыстық орындық» әдісі
«Резистор және реостат» тақырыбы бойынша ортаға оқушы шығарып сұрақтар қояды. Оқушы ортада тұрған үстелге отырып, тапсырма бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс.
«Бағдаршам» әдісі
Саған ерекше не қиын болды?
Түсінбедім
Түсіндім, есте сақтадым



VI. Үйге тапсырма: Резистор мен реостат оқып келу.
Дәптерге анықтамалықтарды жазу.

Кері байланыс кестесі



Қосымша ақпарат



Дифференциация.(Саралау)- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жосарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлауда оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып, сабақ мақсатына жоспар алдым.

  • Өзін-өзі бағалау

  • Өзара бағалау

  • Бағдаршам әдісі бойынша

Математика, тарих пәндерімен байланыс орнатылған;
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сабағымды АКТ-мен байланыстырамын;
Ынтымақтастықты дамыту;

Рефлексия .
Сабақ/оқу мақсаттары
шынайы ма? Бүгін оқушылар
не білді? Сыныптағы ахуал
қандай болды? Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім
бе? Мен өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес қойылған. Оқушылар бүгінгі сабақта резистор мен реостаттар туралы мағлұмат алып өмірде қолдана білуді үйренді.


Сыныптағы ахуал орташа деңгейде өтілді.
Мен сабақты берілген уақыт ішінде үлгердім.

Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақ барысында өткізілген денелердің қызметін айтылуы.
2. Олардың тізбекте жалғану құрылымының түсінуі.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақты өткізуде Ашық микрафон, ыстық орындық әдістерінде танымдық тапсырмаларды қолдану.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
Кейбір оқушыларға есептер шығарғанда және жеке тапсырмалар орындағанда әлі де көмек қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет