Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мәліметтері


Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады



бет2/6
Дата29.03.2017
өлшемі1,19 Mb.
#12568
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады:

1)Ол ағаштың талшығын кеседі.

2)Кескен кезде пайда болған ағаш ұнтағын сыртқа ысырып,шығарып отырады. 
Ескерту. 
1.Ағашты кескенде араны жұлқыламай,қатты салмақ салмай кесу керек.

2.Аралау кезінде үстел үстінде артық құралдар болмауы керек.

3.Сол қолыңды,ара төсеміне жақын ұстама. 
Сүргілеу аспаптарының түрлері көп.Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі,шерхебель және фурганок. 

Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізіледі. 

Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі. 
Фурганок-жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.

Сүргілеу аспаптары негізінен ағаш немесе металл қалыптан,болат пластинадан- кескіш пышағынан және сынадан тұрады.



Ескерту 
1.Сүргі кескішінің жүзін және бұйым бетінің тегістігін қолмен тексеруге болмайды.

2.Сүргіні жерге қойғанда,оны жантайлатып,кескішін өзіңнен кері бағытқа қарай жатқызып қою керек.




Жаңа сабақты бекіту

1.Ағаш өңдеу құралдарын ата?

2.Қол араның атқаратын қызметі?

3.Қол ара мен сүргімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін ата?

4.Сүргі түрлерін ата?

5.Сүргі қандай бөліктерден тұрады?



Сарамандық жұмыстар

Сарамандық жұмыстың негізгі мақсаты:

Ағаш өңдеу құралдарымен,қол ара,сүргі тағы да басқа еңбек құралдарымен жұмыс істеудің сарамандық дағдыларын қалыптастырады.

Бұл сарамандық жұмыста аралау,сүргілеу жұмысымен қоса бөлшектерді біріктірудің әдіс-тәсілдерін үйренеді.

Тақтаға балға жасаудың технологиялық картаның графалары толтырылған үлгісі сызылып,ілініп тұрады.Оқушылар осы технологиялық карта бойынша берілген қолдарындағы дайындамадан екі бөлшектен тұратын ағаш балға жасайды. 

Дайындама материалы:қайың

1)балғаның басы



2)балғаның сабы 

Оқушыларды бағалау:Жасаған бұйымдарына қарап,тиісті нұсқау беру,жауаптарын ескере отырып бағалау. 

Үйге тапсырма:Аралау,сүргілеу әдістері. 

11-сынып №12сабақ 21.11.16



Сабақтың тақырыбы: Токарлық топтағы станоктар; токарлық әмбебеп, токарлық-револьверлік, токарлық-айналыдырғы білдектік

Сабақтың мақсаты: а) Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы мен жұмысы. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмысымен таныстыру.


Білімділігі: Станоктың құрылысымен жұмыс үрдісін түсіндіру,  «машина» ұғымын қалыптастыру. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмыс істеу. 
Дамытушылығы: Станоктың бөлшектері мен сызбаларын оқып  үйрену, оқушылардың іскерлігін, жұмыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік  сауаттылығын арттыру. 
Тәрбиелігі: Компьютерлік сауаттылыққа бағыттау, техникаға  қызығушылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: компьютер, проектор.  Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ 
Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, практикалық жұмыс, тест, сұрақ-жауап. 
Пәнаралық байланыс:  технология, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі.

ДМ1.Ұйымдастыру.


1.Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру. 


ДМ2. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру, оқушы назарын сабаққа аудару. 
Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу токарь станогында жұмыс ұйымдастыру. Paint графикалық редакторы арқылыкомпьютерде практикалық жұмыс орындау. 
ДМ3. Жаңа сабақ. 
Машина техникалық құрылым, ол бөлшектерден тұрады және механикалық жұмыс арқылы электр энергиясына , металдар мен ақпараттар туғызады. Олар: технологиялық, транспорттық тасымал және ақпараттық- есептеуіш машиналар болып бөлінеді. Әр машина 3 негізгі бөліктен тұрады: қозғалтқыш, беріліс механизмі, жұмыс органы. 
ә) Ағаш өңдейтін токарь технологиялық машина. Ол ағашты жонып,егеу арқылы әр түрлі формаға келтіреді., айналатын денелер түріндегі бөлшектер жасалады. 
б) Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады. 
Ағашты бекітіп ұстау үшін шпиндельдің саптама тетігі пайдаланылады, олар шанышқы, патрон, тығырық. 
Ағаш өңдейтін өткір тістер- қашаулар әртүрлі формада болады. 
Практикалық жұмыс 
Кинематикалық схемасын сызу./СТД-120 м станогын компьютерде құрастыру. 
Ол үшін Paint графикалық редакторымен танысайық.

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік


PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. 


Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. 
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады. 
2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.


Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT 


Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

Сурет салу кезеңдері


Құралды таңдап алу 


PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады. 
Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау 
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады. 
Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек


Фонның түсін таңдау 


Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

3.PAINT графикалық редакторының құралдары

4.Редактордың командалары 
Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады. 
Ол үшін Правка Отменить(орындатпау) 
командасын орындау қажет. 
Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе, 
Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады. 
Суретті қалай сақтайды? 
Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн. 
PAINT программасының құжатын бірінші 
рет сақтап қою үшін 
«Файл-сохранить как» командасын орындау керек. 
Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады 
Енді жұмыс үстеліндегі «Станок» файлын ашып тапсырманы орындаймыз. 
Оқушылар тапсырманы компьютерде орындайды. 
Сабақты бекіту. 
«Білім бәйгесі» ойынын ойнау. 
1. Тест жұмысы 
2. Жұмбақтар шешу 
3. Сұрақтарға жауап.

Сабақты қорытындылау. Бағалау


Үйге тапсырма: Ағаш өңдеу токарь станогында жұмыс ұйымдастыру. Paint графикалық редакторы. 



10-сынып №4сабақ



Сабақтың тақырыбы: СТД -120 станогінде ағаштан есік тұтқаларын дайындау (практик 
СТД - 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс таңдап алу керек. Жонылатын ағаш жарықсыз, сызатсыз, шіріксіз болуға тиіс, егер бұл талаптар ойдағыдай орындалмаса, жонылып жатқан бұйым сынып, жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мұғалімге тексертіп алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа орнықтыру ретімен мықты бекітілуге тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті түрде май жағу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен ғана станок іске қосылуға тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары өткір әрі саптары талапқа сай болуы керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып болайын деген бұйымды істен шығарады немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау керек. 
Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып, темір түтікшенің ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеу керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді, плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс. Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы кабельден ток күші келетін труба еден үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп, станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы міндет. 
Мысалы, мұғалімнің құрал - саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе арнаулы қауіпсіз, оқушылар келмейтін орында болуға тиіс. Қалқанды іске қосу жұмысы тек мұғалімге ғана жүктеледі, басқа ешбір оқушы тіпті, мектеп қызметкерлерінің қалқанды қосуға құқығы жоқ. Оған тек мұғалім тікелей жауап беруге тиіс. Жұмыс істеп тұрған электр қондырғының ток өткізгіш 
бөлшектеріне адамның жанасуынан тоқтан жарақаттану қаупі туады. Күші 0, 5А болатын ток адам өміріне өте қауіпті, ал күші екі есе артық, яғни 1, 0 А ток адамды өлтіріп жібереді. Сондықтан әрбір оқушы ток қуатының қаншалықты күшті екендігін білуге міндетті. Әрбір электр станогіндегі ток күшінің аспабы жермен жалғануға тиіс, бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек. 
СТД - 120М және басқа станокпен жұмыс істеген кезде ток сымындағы шағылыс ұшқындарын, станоктың айналу жылдамдығы бәсеңдегенін немесе күйік иісін байқасаңдар, дереу мұғалімге хабарлау керек. Ондай жағдайларда станокты тоқтатып, өшіру міндет. 
Өрт қауіпсіздігін сақтау. Оқу шеберханаларында көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі. Мысалы, арнаулы плитада желім дайындау, электр муфельді пешпен жұмыс істеу, электр қайрағымен бұйымдардың шетін өндеу немесе пышақ қайрау, фреза станогімен жұмыс істеу т. б. жалпы шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етеді. 
Оттың шығу себептері: 
• ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы; 
• станоктарды бақылау қосқыштары (контроль включатель) контактілерінің әлсіздігі; 
• қайрақ станогінде ағаш ұнтақтарының шоғырлануы; 
• ашық және арнаулы жабық плиталардың талапқа сай қолданылмауы
• муфельді пешпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелердің қолданылмауы және онда өңделген темірлердің арнаулы орындары болмауы; 
• үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың орындалмауы; 
• оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі т. б. 
Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс 

 

10-сынып №5сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау жоне жобалау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пәтерді жарықтандыруды, электрлік санағыштың жалғану сызбасын үйрету. Сымдар мен кабельдерді жалғау кезіндегі қауіпсіздік техникасымен таныстыру.


Сабақтың әдістері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, сызбалар сызу. 


Сабақтың түрі: аралас. 
Көрнекілігі: Сызбалар, интерактивті тақта, слайд, тәжірибелік жұмыс орындары. 
Сабақтың барысы:

0А) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау, арнайы киімдерінің болуын тексеру. Сабаққа жұмылдыру.


В) Үй тапсырмасын тексеру және талдау. Сұрақ – жауап. 


Б) Жаңа сабақпен таныстыру, тақырып бойынша қысқаша дәріс. Сызба сызу және жалғау. Тексеру және қателерді жою. Тақырыпты қорытындылау. 
В) Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма. 
Үй тапсырмасын тексеру: 
1) Айнамалы тоқ дегеніміз не? 
2) Тұрақты тоқ дегеніміз не? 
3) Айнымалы тоқ пен тұрақты тоқтың айырмашылығы? 
4) Тұйық тізбек үшін және тізбек бөлігі үшін Ом заңы? 
5) Айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдыру сызбасы? 
6) Трансформатор, конденсатор, сақтандырғыш, диодтардың құрылысы мен жұмыс жасау 
принципі? 
7) Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау сызбасы? 
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дәріс. Кез – келген үйге электр энергиясы алдымен төмендету арқылы бастапқы шкафқа беріледі. Үйге дейінгі соңғы трансформатор кернеуді 10000 вольттан 380 вольтқа дейін төмендетеді. Сол кернеу жаңағы бастапқы шкафқа келеді. Трансформатордан 380 вольттық кернеу шкафқа 4 өткізгішті қуатты кабель арқылы келеді. Оның үшеуі 3 фазаға арналса, қалған біреуі нольдік өткізгіш. Кернеуіміз шкафтан автоматты ажыратқышка әкелінеді. Бұл үйге кірер жолдағы бірінші қорғаныс. Одан кейінгі жолда балқитын қорғағаштар тұр. Осы қорғағыштардан кейін кернеу басқа кабельмен үйдің қабаттарына

кетеді. Әр пәтерге бір фаза мен нольдік сым ғана әеклінеді. Ал, енді үйдің ішіне әкелінген өткізгіш қалай тартылатынына тоқталайық.

Сызбада көрсетілгендей бір розетка мен бір ғана шам және айырғыш бар. Сызбаның қалай жұмыс істейтінін мұнда талдап жатудың қажеті шамалы. Өткізгіш қай бөлмеге барса да негізгі желі көрсетілген стрелка бойынша дәл осылай келеді де, дәл осы сызба бойынша тартылады. Розеткалардың екі түйіспесі келген екі желіге тура жалғанып отырылады. Өйткені розеткада кернеу әрқашан да болуы керек. Электр пештің қосылуы да дәл солай. Негізгі желі әрине жеке де келуі мүмкін, ал жеке келмесе осы сызбада көрсетілген қосу қорабынан да алынуы мүмкін. Қосу қорабын – тарататын қорап (распределительная коробка) деп те атайды.

Жаңа тақырып бойынша бір бөлмелі пәтерді жарықтандырудың сызбасын сызып екі қатрға бөлініп жарыса дұрыс әрі ұқыпты жалғау.

Тексеру және қателерін жою.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Екі және одан да көп бөлмелі пәтерді жарықтандырудың сызбасын сызып келу.



   

11-сынып №9сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдаудың негізгі ережелері, жиһаздың жиылмалы емес элементтері.

Мақсаты: Үй жаһаздарымен таныстыру технологиялық құрылымдарын қарастыру.

Құралдары: технологиялық карта, суреттер, схема нұсқау.т.б.
. 07.11.16

Барысы


  1. Үй тапсырмасын қайталау,бекіту

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Үйге тапсырма

Әр адам өзінің пәтерін әдемі, ыңғайлы еткісі келетіні рас. Өкінішке орай, бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін нәрсе. Әрине бірінші кезекте әр адамның ойына келетін нәрсе ол жиһаздарың орындарын ауыстыру, жарықтандырғыш люстралардың соңғы үлгідегі, соңғы дизайндағыларын сатып алу. Бірақ мұнымен сіздің пәтеріңіз жайнай түседі дегенге сену қиын.

Тек қана бір шешім бар, ол пәтеріңізді толық түрде жөндеу жұмыстарынан өткізу. Оның ішінде сіз ескі едендер мен дуалдарыңызбен қоштасуыңызға тура келеді. Оның үстіне одан да үйдің әсемділігін келтіру үшін ванна бөлмесін, ас үйді, және вентиляция бөлігін де толығымен ауыстыруға болады.

Қойылған мақсат анық. Бірақ, әрине де жөндеу жұмыстары саласының мамандарысыз бұл істі ілкімді тындырып тастау миға сиярлық нәрсе емес. Сол себептен, ең бірінші кезекте мамандардан керемет деген пәтерлердің каталогтарын алып өзіңізге үлгі етіп, керек жерін алып, керек емесінен бас тартасыз. Сала мамандары үшін бүкіл пәтерді жөндеу жұмыстарынан өткізу оңай жұмыс емес, бірақ олар соған үйреніп жабдықталған. Жөндеу жұмыстары басталмас бұрын сіз пәтеріңіздің болашақ дизайны, сән үлгісі, және қандай жиһаз қай жерде тұру керектігін алдын ала білуіңіз қажет. Бәрі де тек қана сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

 

Мамандар пәтеріңізді көріп, материалдар шығынын бірінші кезекте өлшейді. Керек жарақтарды дайындап алған соң пәтерді жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеу жұмыстары барысында розеткалардың орындары ауысып, кішкене сантехникалық жұмыстары да жүргізілуі мүмкін, мамандар құбырлардың сапалы қойылған жіті қадағалауы тиіс. Келесі кезекте дуалдар мен едендерді тік ету, бұл көп уақыт пен көп жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Сол себепті мамандардың ойын басқа нәрсемен ауламаңыз! :)



Келесі кезекте пәтердің төбедегі дуалдарын әрлеу, бояу, едендерді бояу, таркетт бұйымдарын орналастыру, немесе, төселген цементті туралау, барлығын лактеу.

Соңғы кезекте дуалдарға әртүрлі обоилар жапсырып, плинтустар бөлініп, телефон, антенна кабельдері өткізілуі тиіс.



Жөндеу жұмыстарының соңғы этапы ол, қалған қалдықтардан арылу. Яғни қоқыс шығару. 

  

  

 

Үйге: технологиялық карта құрастыру.

10-сынып №11сабақ 18.11.16



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет