Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Саятшы Ораз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы өмірі және әңгімесін қорытындылау, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білім дағдыларын бағалау;
Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылық жұмыстар арқылы таным-түсініктерін дамыту;
Танымдық: Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын арттыру, оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.
Көрнекілік: тірек сызбалар.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы, жобалау технологиясы. (Қ.Бітібаева) түртіп алу технологиясы.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу; ә) кезекші есебі; б) мақсат;
ІІ. Психологиялық дайындық
Сабақтың ұраны: «Еңбек етсең ерінбей, бес аласың күлімдей»
IV. 1.Басты кейіпкерге хат.
2. Аңшылық тақырыбына шығарма. Шығармашылық саты
ІІІ. 1. Концептуалдық кесте
2. Семантикалық карта
3. Түсініктеме күнделігі Эвристикалық саты
ІІ. 1. Кейіпкерлерді топтастыру
2. Әңгіменің композициялық құрылымы Алгоритмдік саты
І. 1. Сәбит өмірі, шығармашылығы
2. Ш. Айтматовтың сөзі
3. Саятшы Ораз әңгімесі туралы сұрақтар Оқушы деңгейі
І. Оқушы деңгейі
1. Сәбит Мұқанов кім?
2. Қай жылы дүниеге келген?
3. Туған жері қай жер?
4. Жазушының тағдыры қандай болған?
5. Шыңғыс Айтматов не деген?
6. Қандай романдары бар?
7. «Саятшы Ораз» әңгімесінің тақырыбы?
8. Әңгімеден өз бойымызға қандай жақсы қасиеттер аламыз?
ІІ. Алгоритмдік саты
Кейіпкерлерді топтастыру
Ұнамды кейіпкерлер
Ораз?
Мұқан?
Оның отбасы Оның отбасы
Әйелі Әйелі
Ұлы Мағаз Бағима
Қызы Жанкүміс Ұлтуған
Сәбит (күйеуге шыққан қызы Зәуре)
Ұнамсыз кейіпкерлер
Сүлеймен
аңшы
саятшы (саят құруды кәсіп етуші, саят тор құс ұстайтын)
Ораз халық қамқоры
ойыншы, қалжыңщыл
әзілқой, жайдары мінезді
кедей
жалшылықта жүрген
Мұқан сырқат адам
қайырымды
мейірімді
орта дәулетті
Сүлеймен сараң (тар пейілді, іші тар, дым бермейтін адам )
қайырымсыз
қатыгез
Әңгіменің композициялық құрылымы
1.Оқиғаның басталуы:
Мұқанның сырқаттанып, еңбекке жарамай, ұзатқан қызы Зәуренің аулына көшіп келуі.
2.Оқиғаның дамуы:
Мұқан отбасының саятшы Оразбен танысуы. Мұқан үйінің күйеу баласының қасынан емес, Ораз үйінің қасынан салынуы.
3.Оқиғаның байланысы:
Екі отбасының достасып, араласуы.
4.Оқиғаның шиеленісуі:
Ораздың мергеншілдігі, аң аулауы. (тұрымтай-қаршығаға ұқсас жыртқыш құс)
5.Оқиғаның шарықтау шегі:
Ораздың Мұқанға айтқан сөзі.
6.Оқиғаның шешімі:
Ораздың аурулы Мұқанның көңіліне аулап, әңгіме соғуы, бар әңгімесінің аңшылық туралы болуы.
7.Қорытынды: «Бірлік бар жерде, тірлік болады»
«Ынтымақ түбі – бірлік»
«Ағайын тату болса ас көп»
«Ынтымақ істі бітірер»
ІІІ. Сергіту сәті. Мәтіндегі Ораз аулайтын аң-құстарды атаймын. Егер де құс болса, қолымызды көкке көтереміз, ұшамыз. Аң болса, жерге отырып тұрамыз. Күзең, тұрымтай, қоян, түлкі, бозторғай, бүркіт, қасқыр, тышқан.
ІІІ. Эвристикалық саты
Концептуалдық кесте
р/с
|
Кейіпкерлер
|
Өмірге қызығушылығы
|
Адамгершілік қасиеті
|
Кейіпкерлерге берілетін баға
|
1
|
Ораз
|
Жоғары. Елді аң аулаумен асырайды.
|
Адамгершілігі мол, ақылды, Мұқан отбасының жағдайын түсінеді
|
Жоғары
|
2
|
Мұқан
|
Орташа. Сырқаттан еңбекке жарамай, қызын паналап келеді.
|
Кішіпейіл, көпті көрген есті жан, мейірімді.
|
Жоғары
|
3
|
Сүлеймен
|
Жоғары. Сараң, өз қамын ойлайды, ақымақ адам, туыстарына көмек бермейді.
|
Адамгершілігі жоқ, тек өз қамын ойлайды.
|
Төмен
|
4
|
Мұқан әйелі
|
Жоғары. Отбасын тон тігіп, сатып асырайды, картопқа ауыстырады.
|
Отбасының қамын ойлайды.
|
Жоғары
|
Семантикалық карта (логикалық талдау жүйесі)
р/с
|
Шығармадан үзінді
|
Ораз
|
Балалар
|
Халық-жұрт
|
Сәбит
|
1
|
«Айдағанға көне ме ол, ата?»
|
|
+
|
|
|
2
|
«Ораздың атқаны өмірде мүлт кеткен емес»
|
|
|
+
|
|
3
|
-Менің малым көп,-
-Көктің құсы, жердің аңы түгелімен менікі, олар барда мен аштан өлмеймін, көштен қалмаймын
|
+
|
|
|
|
4
|
Шала-шарпы есімде: Ораз бен біздің үй, су жататын сайдың күнгей жағындағы қалың ағаштың қойнауында өзге үйлерден ағаш тау отырады.
|
|
|
|
+
|
Түсініктеме күнделігі
Мәтін ішінде кездесетін сөздердің мағынасын ашу.
А) кездігі кішкене пышақ
Ә)мерген мылтық, садақ атудың шебері, дәл тигізуші
Б) шиті мылтық (аталатын сирақты мылтық)
В)тұрымтай қаршығаға ұқсас жыртқыш құс
Г) қоржын әр түрлі нәрсе салуға арналып тігілген, тоқылған екі бөлікті қап
Ғ) шіліктер жіңішке болып тоғайда өсетін бұта
Д) тебен қап, киіз, тері тігетін жуан ине
Е) шариғат Ислам дініне жүйелеп шығарған ереже, шариғат жасы, жақтаушы
Ж) бәліш арасына ет, картоп салып, қамырмен дөңгелектеп жауып пісіретін тағам
IV. Шығармашылық саты
Басты кейіпкерге хат жазу. Міне, қазір сендер Сәбит Мұқанов атынан немесе өздеріңнің аттарыннан хат жазасыңдар. (Оразға деген рахмет, ризашылықтарың)
Оқулықта берілген тапсырма бойынша аңшылық тақырыбына шығарма жазу, ат қою.
IV. Қорытынды
Білетінім
|
Мен үшін жаңалық, таңқалдырды
|
Тереңірек білгім келеді
|
|
|
|
V.Үйге тапсырма:
Осы мәтін бойынша сурет салу, өлең шығару. (Оразға арнап)
___________ сүйемін
___________ аулаймын
___________ асыраймын
___________ қорғаймын
VІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |