Сабақтың тақырыбы С. Оспанов «Шыбын мен Көбелек»



бет1/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,75 Mb.
#16628
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Шошақова О.А



4«а» сыныбы


Оқушының саны –15

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

Қарабау орта мектебі


Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

С.Оспанов « Шыбын мен Көбелек»


Жалпы мақсаты:

Оқушыларды мысалдың мазмұнымен таныстыра отырып, түйінді ойды ашуға машықтандыру.

Бір- бірінің жұмысын талқылау, толықтыру арқылы мысалды толық меңгерту.

Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Тақырып мазмұнын түсінеді, өз ойларын тиянақты, еркін айтуға үйренеді. Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады, бірлесіп жұмыстар жасай алатын болады.

Негізгі идеялар

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, білім деңгейлерін көтеру.

Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Түрі

Аралас сабақ

Әдісі:

Топпен жұмыс, сұрақ- жауап,логикалық ойлау

Қажетті құралдар:

А4 қағазы, слайд, ватман, маркер стикер, магниттік тақта

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал орнату.

Күлім қағып қолымды

Бір, екі, үш деп соғайық.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы- жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір алайын.

Көбелек, шыбын, жәндік сөзі жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлу.

І топ-«Көбелек»

ІІ топ –«Шыбын»

ІІІ топ – «Жәндік»

Бағалау тәсілімен таныстыру.


Сәлемдеседі.

Зейіндерін сабаққа аударады.


Балалар орындарынан тұрып, қимыл- қозғалыспен орындайды.

Көбелек, шыбын, жәндік сөзі жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлініп отырады.

Топ басшысы өзінің тобындағы жауап берген балаларға көбелектің суретін үлестіріп отырады.


Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі.

А. Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын үш топ оқушыларынан сұрау.

-«Сапар мен Парта » өлеңінің авторы кім?

-Өлеңнің авторы жайлы не білесіңдер?

- Мысал арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді?


Оқушылар мысалды жатқа айтады.

Қосымша сұрақтарға жауап береді.





Қызығушылық-ты ояту

Жұмбақтар шешкізу

2 мин


Ызыңдап ән салады,

Жұп- жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(шыбын)

Көлбең- көлбең етеді,

Гүлден ұшып жетеді.

Гүл шырынын сорады,

Соған риза болады.

(көбелек)



Жұмбақтың шешуін табады.


Ой қозғау

2 мин

Шыбын мен көбелек туралы білетіндерін сұрау.



Топтар өзара ақылдасып, көбелек, шыбын туралы білгендерін ортаға салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет