Сабақтың тақырыбы С. Оспанов «Шыбын мен Көбелек»



бет4/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,75 Mb.
#16628
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Үйге тапсырма

1 мин

Мысалды оқу, мазмұндау, ой толғау жазу.




Бағалау

2 мин


Рефлексия

1 мин

Сабақ соңында топтардың жинаған көбелектері саналып, оқушылардың білімдері бағаланады.

Топ басшысы топ мүшелерінің ұпайларын айтып шығады.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтадағы плакатқа жапсырады.

Балалар өздерінің жинаған көбелектері бойынша бағаларын біліп отырады.

Бүгін менің білгенім.

Маған не қызықты болды?

Маған не қиын болды?

Менің үйренгенім.

Мені не таңдандырды?




4 – сынып бойынша «Шыбын мен Көбелек» тақырыбын оқытуға арналған сабақ жоспары негізінде өткізілген сабақ құрылымына талдау

ІV сыныпқа әдебиеттік оқу пәнінен Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабаққа негізделген оқу мақсаты: мысалдың мазмұнымен таныса отырып түйінді ойды ашуға, бір- бірінің жұмысын толықтыру, талқылау арқылы мысалды толық меңгеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабағымды сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында психологиялық дайындықпен ашып, « шыбын», «көбелек», «жәндік» сөздері арқылы үш топқа бөлдім. Топ басшысы сайланып, өз тобындағы жауап берген оқушыларға көбелектің суретін үлестіріп отырды. Үй тапсырмасына берілген «Сапар мен Парта» өлеңін үш топ оқушыларынан жатқа сұрап, өткен тақырыпты жақсы меңгергендіктері қойылған сұрақтарға толымды жауап бере алғандықтарынан-ақ байқалды. Қызығушылықтарын оятып, жаңа сабақтың тақырыбын табуда жұмбақтар жасырылып, шешуі табылды. Оқушылар алдын- ала дайындалып келген мәліметтері бойынша шыбын мен көбелек туралы білгендерін ортаға салды.

Мағынаны тану кезеңінде Сейітқұл Оспановтың өмірі, шығармашылығы жөнінде слайд бойынша мәліметтер бердім.Мәтінді үш бөлікке бөліп, топтарға оқыттым. Оқушылар мәтінді өз беттерімен түсініп, « Әңгімелеу кестесі» арқылы мысалды талдап,кестеге жазып шықты. Топтық, жеке жұмыстар барысында мысалдағы Шыбын мен Көбелектің әрекетіне баға беріп, олардың қандай екенін сипаттап жазды, бес жолды өлең құрастырды, бір шумақ өлең құрастырып сәйкестендіру сызбасымен сабақ қорытындыланды.Сабақ соңында оқушылар бағаланып, кері байланыс орнатылды.



Нәтижесінде: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,тақырып мазмұнын түсініп,негізгі ойды ұғынды, өз ойларын еркін айтып , топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет