Сабақтың тақырыбы Сабақ тақырыбы: Қазақстанның білім берудегі жетістіктері


«Блум таксономиясы» мəтіннен кейінгі стратегиясы



бет5/17
Дата24.01.2022
өлшемі389,15 Kb.
#113935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қазақстан білімберу жетістіктері

«Блум таксономиясы» мəтіннен кейінгі стратегиясы.

Текшенің қырларында «Неліктен», «Түсіндір», «Ата», «Ұсын», «Ойлап тап», «Бөліс» деген тапсырма атаулары жазылып тұрады. Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады. Текшенің түскен қырында қандай сөз жазылып тұрса, сол сөзге қатыстырып оқу материалына сұрақ (тапсырма) құрастыру қажет. «Ата» сөзіне қатысты тапсырма оқушылардың мəтінге байланысты білімдерін жаңғыртуға бағытталған болу керек. Егер сұрақ «Неліктен» сөзінен басталса, онда оқушы себеп-салдарлық байланысты табуы керек.

«Түсіндір» тапсырмасы берілгенде, оқушы алған білімдерін

пайдаланып, мəселені түсіндіреді. «Ұсын», «Ойлап тап», «Бөліс» тапсырмалары оқушының ой қызметін жандандыруға бағытталады. Осы тапсырмаларды

орындауда оқушы оқиға мен оның салдарына талдау жүргізеді, салыстырады, баға береді. Осы тəсілдерді пайдаланудың екі тəртібі болуы мүмкін:

• Мұғалім мəтінге қатысты сұрақтарды қояды.

• Оқушылар сұрақтарды өздері құрастырады.

(Т) Топта жұмыс істей отырып, «ХХІ ғасыр мектебінің үлгісі» кластерін құрастырыңдар. 50 жылдан кейін мектепті қалай елестетесіңдер: оның ғимараты, сынып кабинеттерінің жабдықталуы, өтілетін пəндер қандай? Сол мектептің оқушыларын қалай елестетесіңдер, суретін салыңдар.

Топтар тапсырмаларды көрсетеді.

«Қол шапалақтау» стратегиясы бойынша топтардың бір-бірін өзара бағалауы.



Дескрипторы:

қарым-қатынастың түрлі формаларын қарастырады: пікірмен оқу, қайта жазу, сұрақтарға жауап беру, рөлдік ойындар ойнайды.



өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

оқу кезінде тарихтан алынған материалдарды пайдалана отырып жобалар жасайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет