6 сынып
|
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылы, «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі МДШО-мен» КММ, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимханова Данагуль Шариповна
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Сағат неше?»
|
Сілтеме:
|
6-сынып оқулығы Т.М. Артыкова, А.С. Жаканбаева
|
Жалпы мақсаттар:
|
Оқушыларға жеті септікті мысалдар арқылы қайталату, Сағат неше? деген сұраққа жауап беруіне жағдай туғызу.
|
Оқыту нәтижелері:
|
Септік жалғауларын мысалдар арқылы және сөздерді септеу арқылы еске түсіру. Сағатты дұрыс айтуға жаттықтыру.
|
Түйінді идеялар:
|
Қазақша және орысша аударма қабілетін дамыту, жаттығу жұмыстарын орындай отырып оқушылардың ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту
|
Жаттығулар:
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. МШ «Сағат деген не?» « Сағаттың пайдасы бар ма?»
3.Үйден оқуға берілген тапсырманы сұрау
4. Жаңа сабақ түсіндіру
5. Сөздікпен жұмыс
6. Оқулықпен жұмыс (1- тапсырма)
7. « Қай топ мықты?» (2- тапсырма)
8. « Кім жылдам ?» ( 3- тапсырма)
9. Сергіту сәті
10. « Сұрақтарға жауап бере аласың ба?» (4- тапсырма)
11. « Қай топ тапқыр немесе алғыр?» (5- тапсырма)
12. « Жеті септікті кім біледі?» (7- тапсырма)
14. Үйден оқуға тапсырма беру
13. Рефлексия.
14. Оқушыларды бағалау
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқудағы кедергілерді анықтау, жою. ҚР әнұранын орындау. Кезекші жауабын тыңдау.
2. МШ «Сағат деген не?» « Сағаттың пайдасы бар ма?»
Деген сұрақтарға топтар А 4 қағазына суреттеу арқылы айтып түсіндіреді.
3.Үйден оқуға берілген тапсырманы сұрау
4. Жаңа сабақ түсіндіру
Оқушылардың ойларын тыңдай келе жаңа сабақ жайында түсіндіремін.
5. Сөздікпен жұмыс
Бұзу-портить дөрекі- грубый
соғу-бить басыну- относиться пренебрежительно
дүрліктіру- будоражить кегі – месть( его)
желіктіру- возбуждать
сотқар- драчун
ерегісу- спорить.
6.Оқулықпен жұмыс 63 беттегі 1- тапсырманы ауызша орындатамын.
Үлгі: екіден жиырма кетті. Беске он бес минут қалды.
7. « Қай топ мықты?» 2-тапсырма
Топтар берілген тапсырманы жазбаша орындайды. Орыс тілінде берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрайды.
8. « Кім жылдам ?» ( 3- тапсырма)
Ауызша тапсырма .
9. Сергіту сәті
10. « Сұрақтарға жауап бере аласың ба?» (4- тапсырма)
Бұл тапсырма бойынша оқушылар жұптық жұмысқа түседі. Яғни,диалог құрады.
11. « Қай топ тапқыр немесе алғыр?» (5- тапсырма)
Берілген диалог жұмыстарын толықтырады.
12. « Жеті септікті кім біледі?» (7- тапсырма)
Тапсырмада берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, көп нүктенің орнына тиісті септік сұрақтарын қойып оқып шығады.
14. Үйден оқуға тапсырма беру
64 бет 6- тапсырманы орындау.
13. Рефлексия. Сағат жайында не білдіңдер? Оның пайдасы бар ма?
14. Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |