Сабақтың тақырыбы сағаты мерзі мі Сабақ түрі


Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?



бет29/61
Дата14.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#152998
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
Саба ты та ырыбы са аты мерзі мі Саба т рі

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
1. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен міндеттерін анықтайтын мемлеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым минстрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогика, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
2. Балалардың жас ерекшеліктері, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың сабақтан тыс зияттық- танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым –қатынас жасауға ынталандару.
4. Оқушаларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақаттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру. 
1. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
2. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
3. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
4. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
5. Жоспарлау. Оқушылардың немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін.
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. «Ұжым»- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.
Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға бола ма? Әрине, ол олай емес.Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде «ұжымды» екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.
Ал оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:
1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады.Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады.Ал біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты лоардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.
2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.
4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.
Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.
Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.
Олай болса оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.
Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?
Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет