Сабақтың тақырыбы сағаты мерзі мі Сабақ түрі


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы



бет27/61
Дата14.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#152998
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
Саба ты та ырыбы са аты мерзі мі Саба т рі

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.
Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары
Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.
Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып келеді.
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.
Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:
1. Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.
2. Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.
3. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.
4. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.
5. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.
6. Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.
7. Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.
8. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.
Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет