Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»



бет1/4
Дата25.01.2023
өлшемі460,78 Kb.
#166417
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
sajyn-mұratbekov-«zhusan-iisi»-әңgimesi-2-saғaty
ручка, Технологиялық жабдық әр түрлі салалардағы көптеген заманауи өндірістердің ажырамас бөлігі болып табылады, Білгірлер бәйгесі, Жеңіл атлетикадағы Қазақстан спортшыларының жетістігі

Сабақтың тақырыбы:
 Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі (2-сағаты)
Шығарманың ой -түйінін жан-жақты аша отырып, идеясына көз жеткізеді, жазушының қозғап отырған көкейкесті мәселесін талдап, мазмұнын ашады.
Сабақтың мақсаты
Сабақта қолданылатын
әдістер
Кластер, қос жазба күнделігі, Т кестесі, Жалпақ және жіңішке сұрақтар стратегиясы, Венн диаграммасы.

Көрнекіліктер
Жазушы портреті, слайд, тақырыптық суреттер, бағалау парағы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу;

Сынып ішінде жағымды атмосфера орнату;

Оқушыларды 3 топқа бөліп,
топтық жұмысқа даярлау (сандар арқылы)
ІІ. Ойды жинақтау
(оқушыларға алдын ала мәтінмен танысып келу берілген)
  • Білім (мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi)

  • Кластер әдісі арқылы С.Мұратбеков өмір жолын еске түсіру.


Өмірі
Сайын 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.
Шығармалары
«Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Ауыл оты», «Қылау», т.б
Қызметі
1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет