Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады
Қызығушылықты ояту: Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Қисықсызықты қозғалыс дегенді қалай түсінесің?
Траектория дегеніміз не?
Олай болса траекторияның қисықтық радиусы дегенді қалай түсінесіңдер?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)
Физика ғылымында дененің орын ауыстырғанын қалай білеміз?
Қозғалыстың салыстырмалылығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Векторларға қандай амалдар қолдану тиімді деп ойлайсыздар?
|