Енді біз 3 сыныпта өткен Сан есімнің түрлерін еске түсірейікші
-Олай болса бүгінгі күннің ретін жазып ,жаттығу жұмыстарын орындайық.
1 – жаттығу. Жұмбақты оқып,шешуін тап.Сан есімдерді теріп жазып,түрлерін анықтайық
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса
Шешен тіл , сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда , үндемейді адам жоқта. (Домбыра)
-Балалар Домбыра-Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде ән мен күй домбырасы,Торсық,тұмар,кең шанақты (екі нұсқасы),балдырған,балашық,шіңкілдек,аша,үш ішекті,
қуыс мойын,шертер,оркестр домбыралары т.б
2 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз (Домино ойыны арқылы мақалды жатқа құрастырып дәптерге жазу.Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанынсызбамен көрсет).
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
-Балалар осы мақалды құрастыру барысында мен сол мақалдың ішінен бір сөзді алып қалдым.Енді сол қандай сөз екенін тауып,сол сөзді 3 тілде аударуымыз қажет
Бір-один-one
Мың-тысяча-Thousand
Су-вода-water
3 – жаттығу.
Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріңде олардың қандай мүшеболып тұрғанын айт.
Достарыңызбен бөлісу: |