Бағалау:стикерлермен Кері байланыс: Пайда болған тізбек қандай тізбек екен?
Саралау: Диалогқа түсіру арқылы есептің жауабын жылдам айтуға қолдау көрсету және оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына көңіл бөліп, мадақтаймын.
Топтық жұмыс
2-тапсырма.
Шахмат туралы аңыз: Ежелгі үнді патшасы Шерам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыш (оның аты Сета) марапаттау мақсатында оған қалағанын алуды ұсынады. Сонда Сета шахмат тақтасындағы 64 шаршының біріншісіне 1 дән, екіншісіне 2 дән, үшіншісіне 4 дән және т.с.с., яғни әрбір шаршыға алдынғысынан 2 есе көп дән беруді өтінеді. Алғашында патша өнертапқыштың бұл «тым болмашы » тілегіне таң қалып, оны орындауға бұйрық береді. Артынан оны орындауға оның қазынасындағы астықтың жетпейтінін есепшісі түсіндірген. Бұны орындау үшін Қазақстанда 1 жылда жиналатын астық мөлшері орта есеппен 1 000 000 000 пұтқа тең десек, онда ішпей-жемей 230 584 жыл еңбек ету керек екен.
Сұрақ: шахмат тақсының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші шаршыларына неше дәннен қойылады? Сан тізбегі түрінде алғашқы жеті мүшесін жазыңдар.
Дескриптор:
-мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді
-жауабын сан тізбегі түрінде жазады
-сан тізбегінің түрін анықтайды.
Кері байланыс: Осы ғажайып жеті саннан құрылған тізбек қалай аталады екен? Геометриялық прогрессияға тағы қандай мысалдар келтіруге болады?