Ойыл ауданы Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Ықсанқызы
Сабақтың тақырыбы: Санды көбейтудің тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
А) оқушыларға көбейтудің тәсілдерін меңгерту, көбейту қасиеттерін еске түсіру.
Ә) оқушыларды ұлттық негізде тәрбиелеу, оларды бірлікке ұйымшылдыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, ізденпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Б) логикалық жаттығу арқылы ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Акцион сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сатып алатын заттар, үлестірмелі перпокарта, ойындар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру (есептерді тексеріп бағалау)
Жаңа сабақ
Санды көбейтудің тәсілдері.
А) 5*(4-2)=5*8 =40
Ә) (5*4)*2=20*2=40
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.
Күндегіден бөлек қонақтар, өздерін таныстырсын.
Сатушы тәлімгер:
Сатушы тәлімгер:
Мұғалім:- Біздің сабағымыздың ерекшелігі осында.
Сондықтан сабағымыз «Жәрмеңке сабағы» деп аталады.
– ал балалар, саудаға кірісейік.
– сауда сәтті болсын!
6 сұраққа жауап беріледі.
1-көбейткіштерді өзгерткенмен не өзгермейді (көбейтінді)
Өз бойыңды өлшеуге болатын өлшем бірлігі? (см)
2.- тік төртбұрыштың периметрін формуласын жаз. (а+в)*2
-әкесінде 6 ұл бар. Әр ұлының қарындасы бар. Барлығы неше бала? (7)
І.- Бақта 4 ақ қаз, 5 сұр және 1 үйрек жүр. Қаздан нешеу жүр? (9)
-төртбұрыштың ауданының формуласын жаз. (а*в).
Оқулықпен жұмыс.
№2 Үш топтан үш оқушыны шығару
(9*2)*5=90 (4*5)*7=140 (5*8)*3=120
9*(2*5) =90 4*(5*7) =140 5*(8*3) =120
(9*5)*2=90 (4*7)*5=140 (5*3)*8=120
Ой толғау.
Көбейту мен бөлуге байланысты өлең құрастыру.
№3 Тиімді тәсілмен шығару. 37*(2*5) =370
(45*2)*7=630
14*(5*8) =560
Ребустар шешу.
(Қашықтық, санды өрнек, еселеп азайту)
№4.5 (ауызша)
Өз бетімен жұмыс.№6 есеп.
Ш:7+3=10 150*10=1500=1 кг500гр
150:10=15 Ж:15 ыдыс қажет.
№7. 2*7=14 Ж:14 мин
ІІ. Сатушы тәлімгер:
№8 37т+809кг=37809 кг 5 ц+63 кг=563 кг
9м+64мм=9064 мм 2т+50 тиын=250 т
№9. 398:10=39 (8) 6947:100=69 (47)
76:10=7(6) 285:100=2 (85)
Үйге тапсырма. №9 (қалғаны)
Логикалық жаттығулар (оқулықтан)
Сабақты қорыту.
Оқушылардың білімі сатып алынған заттары бойынша бағаланады.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Сан есімді граматикалық тұрғыдан сөз табы екенін
таныту. Олардың зат есіммен байланысын , мәтіннен
сан есімді таба білуге үйрету.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін
дамыту.
3. Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика , орыс тілі.
Көрнекіліктер: сюжетті сурет, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Тренинг сабағының негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 топ 2 топ
Әсем Лаура
Аяжан Мерует
Айтбай Тарас
Алтынбек
Мынау не?
Алма.
Қай сөз табы?
Зат есім.
Алма қандай?
Алма қызыл. (сын есім).
Неше алма.
Бір алма. (сан есім)
ІV. Сан есімнің ережесін еске түсіру.
V. Плакаттармен жұмыс.
Сан есім
-сұрақтары
-құрамы
-мағынасы
Берілген сөйлемді оқып, сан есімді табу. (жеті-реттік)
(екінші-есептік)
VІ оқулықпен жұмыс. 67-жаттығу. (ауызша)
І бөлім. «Ойлан тап»
Екі топқа жұмбақ жасыру. Орыс тіліне аудару.
Екі таяқ,
төрт сылдырмақ,
бір сыпыртқы. сиыр-карова.
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың
Мектеп-школа
ІІ бөлім.
Халық айтса, қалт айтпайды.
Мақалдарды мағынасын ашу, сөз таптарын табу. (Зат есім, етістік).
1 топ. Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан. (етістікті табу).
2 топ. Ердің атын еңбек шығарады. (зат есім).
VІІ. Оқулықпен жұмыс. 68-жаттығу
2 топтпн 4 оқушы тақтаға жазады.
ІІІ бөлім.
Кім көп біледі?
Сан есімдері бар мақал айту.
Сан есімдері бар жұмбақ айту.
Өз бетімен жұмыс.
Оқушыларға деңгейлеп тапсырма беріледі. Берілген тапсырмадан сан есімді табу.
VІІІ. Сабақты бекіту.
ІХ. Үйге тапсырма 69 –жаттығу.
Х. Бағалау.
Жақсыбайкөл негізгі мектебі.
(Дүниетану)
3 класс
Өткізген : Ажмұхамбетова Т. Ы.
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Топырақ.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға топырақ туралы ұғым беру.
Топырақ түрлері бар екендігін ашып айту.
ә)табиғатты қорғай білуге оны орынсыз бүлдірмеуге тәрбиелеу,
б) оқушылардың ойлау қабілетін дамытып пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Қолданылатын технология: интеративтік (бала белсенділігін арттыру)
Көрнекілігі: Әртүрлі плакаттар тәжірибе жасайтын құралдар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық кезең, (Ауа райының өзгерісіне баланысты.)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І V. Жаңа сабақ. Топырақ. (Тірек сызба арқылы түсіндіру.)
V. Тәжірибе жасау,
А)—Топырақта ауа барын дәлелдеу.
Ә)—Топырақта су барын дәлелдеу.
Б) топырақта қара шірінді бар екенін дәлелдеу.
VІ. Оқулықпен жұмыс. «Топырақ» ережесін қайта-қайта оқыту.
VІІ. Сауалнама. (Тақырыпқа байланысты).
VІІІ. Ой толғау. (Оқушыға күні бұрын берілген тапсырма бойынша).
ІХ. Сабақты бекіту. (Тірек сызба)
Х. Үй тапсырма «Топырақ»
ХІ. Бағалау. (Оқушы өзін-өзі бағалайды).
Жақсыбайкөл негізгі мектебі.
(Дүниетану)
4 класс
Өткізген : Ажмұхамбетова Т. Ы.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Климат.
Мақсаты: а) Оқушыларға ауа-райы туралы мағұлмат беру. Ауа- райы мен климатты айыра білуге үйрету.
Ә) ойлай білуге, білгенінің дамытуға жетілдіру.
Б) табиғатты қорғай білуге, оны күте білуге тәрбиелеу.
Әдәсә: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, жарты шарлар картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- жақсы оқу керек.
- бір -бірімізбен дос болайық
- ауырмау керек
- әрқашан жақсылық болсын
- жоғары дәрежеде білім алу
-ата-анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кәне балалар «ауа қабығы» тақырыбын мәнерлеп оқып жіберейік.
Мәнерелеп оқыту. Аяжан.
Түсінік сұрау. Лаура . Алтынбек. Әсем
Баспа беттерінен шолу. Мерует.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге сұрақтар.
Кеспемен жұмыс.
10 50 60
40 20 30
Ауаның түсі қандай ? түссіз, мөлдір.
Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс
Метеориттер деген не?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
а) кіріспе сөз.
Ә)ауа-райына тоқталу.
Б) метеорологиялық станция
В)климат
Г) картамен жұмыс.
Ауа-райы дегеніміз-белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.
Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа-райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.
V. Сабақты бекіту.
1. Ауа-райы деген не?
2.ауа-райын бақылау үшін не қажет?
3. неге бақылайды ?
4. ауа-райының қандай құбылыстарын білеміз?
VІІ. Үйге тапсырма.
Ауа-райы. Климат. Оқып , түсінік айту.
VІІІ. Бағалау.
Жақсыбайкөл негізгі мектебі.
(Ана тілі)
2 класс
Өткізген : Ажмұхамбетова Т. Ы.
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтайды?
Сабақтың мақсаты:
А) мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
Ә)ертедегі сүт ұйып қалыпты, сүт іріп қапты, айран ашыпты, айран бақырыпты т.б сөз тіркестерін пайдаланып оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Б) ұлттық тағам түрлерін айтып, асты қадірлей білуге, дұрыс тамақтануға үйрету.
В) оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасай білуге төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: О. Әубәкіровтың суреті, мақал, тыйым сөз, Ой толғаныс.
Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге Ш. Смаханұлының «Тәкаппар» мысалын дұрыс түсініп, мәнерлеп оқып келуге тапсырылған.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар.
-Ш. Смаханұлы кім? Оның қандай шығармасымен таныстық.
- Мысалдың басқа көркем шығармадан қандай айырмашылығы бар?
-Мысал неліктен «Тәкаппар» деп аталған бөліктерге бөлуге болады?
1. Балықтың мақтануы.
2. Балықтың құрықта тап болуы.
3. Өкініш.
- Балықтың өкініш білдіретін шумағын тап. (Оқулықтан оқытамын)
Ой толғаныс.
Не? Балық.
Қандай? Мақтаншақ, тәкаппар.
Нені? Теңізін жамандады.
Не істеді? Өкінді.
ІV. Ойлы сөз: Мақтаншақ-жаман әдет. Мақтаншақтан басқа тағы да қандай жаман әдеттің бірі-ұйқышылдық екенін «Сүт қалай ұйықтады» ертегісінің өлең түрінде жазылғандығын айтып өтемін.
V. «Ұйқы деген дұшпан бар»
Тұла бойды талдырар.
Жолдан, істен қалдырар. Деген мақалды талдаумен қатар. «Кісіге қарап есінеме есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала» деген әдеп ережелеріне тоқталу.
VІ Оқулықпен жұмыс.
-мысалды оқимын.
-ертегі бойынша сүттің әрекетіне тоқталамын
-ертегі баланысты мақалды табу. (сүзбе ірімшік құрт)
(жерге төгілген құрт) ұйқы деген дұшпан бар.
VІІ. Сабақты бекіту.
май айран ұйықтапты ұйып қапты
Сүт тағамдары
Сүт әрекеті
сүзбе
құрт айран бопты іріп қапты
ірімшік бақырыпты ашыпты
VІІІ. Үйге тапсырма.
Ертегіні мәнерлеп оқып келу.
Сұрақтарға жауап беру.
Сүттен әзірленетін тағамдар атын жазып келу.
ІХ. Оқушыларды мадақтау.
Жақсыбайкөл негізгі мектебі.
(қазақ тілі)
4 класс
Өткізген : Ажмұхамбетова Т. Ы.
2010-2011 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |