Куракбаева Тамара Рамановна,
«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Мақсаты
|
Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен танысады, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыт алады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер сыни тұрғысынан ойлау модулінің мақсатын, негізгі ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз тәжірибесінде қолдануға әдістемелік бағыт алады.
|
Сілтеме
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ, ІІІдеңгей, ғаламтор мәліметтері.
|
Материалдар мен құрал-жабдықтар
|
А3, А4, түрлі-түсті қарындаштар, маркер, стикер, слайд, бейнежазба
|
Оқыту әдістері
|
Топқа бөлу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі,
Оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ.
|
Коучингтің өту барысы
Өту кезеңдері
|
Уақыт
|
Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеттері
|
Амандасу
Психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу.
|
5 мин
|
- Геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топпен (шеңбер, төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш) жұмыс жүргізуге жағдай жасау.
- Таңдау нәтижесі бойынша «Психогеометрия» тестін оқып, қоучингке қатысушылардың психологиялық көңіл-күйіне ықпал ету.
|
Ой қозғау
|
5 мин
|
Бейнежазба көреді. «Ашық сұрақтар»
|
Сұрақ-жауап /Топта талдау/
|
2 мин
|
Сұрақ жауаптарын мақал-мәтелмен жеткізуге шақыру:
/АКТ қолдану: қалта телефонды тиімді пайдалану /
1. Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
2. «Ойлау» процесі қалай жүреді?
3. Ой қайдан туады?
4. Біз қалай ойлаймыз?
Ендеше ойлау деңгейімізді шоғырландырайық.
/Слайдтағы 3х14 өрнектің мәнін 4 топ төрт түрлі нұсқада көрсетуі ұсынылады/
|
Теориялық білім
|
3 мин
|
Коуч: Слайдпен жұмыс.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Керемет шынығу сәті
|
Постер қорғау.
|
13 мин
/5-8/
|
Әр топқа мұғалімге арналған нұсқаулықтан сілтеме беріледі. Сілтемені басшылыққа алып төмендегі тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
1. Ақылдың алты қалпағы бойынша натурал сандар әлеміне саяхаттайды. /4-сынып/
2. Дананың кілттері бойынша теңдеу тақырыбына жоспарлау. /3-сынып/
3. Ойлау карталары арқылы өрнек тақырыбына жоспарлау. /2-сынып/
4. Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру. Өрнек. Әріпті өрнек. /1-сынып/
Әр топ өздерінің тапсырмаларына дайындалып, қорғап береді.
|
Кері байланыс
|
5 мин
|
Мадақтау сэндвичі. /Дайындау әдісін бағалау/
|
Достарыңызбен бөлісу: |