Сабақтың тақырыбы Себеттегі жемістер Оқу бағдарламасына сәйкес



бет1/11
Дата21.09.2024
өлшемі5,73 Mb.
#204836
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бекітемін:
ДОЖЖО:________К.Нурмухамедова

Блок
Бөлім

Шығармашылық
Дизайн және сәулет (көркем құрастыру және модельдеу)

Бөлімше

Дені сау ұрпақ – ел болашағы

Педагогтің аты-жөні

Карасаева Сулушаш

Күні:

13.05-15.05.2024 ж.

Сынып: 1«А», «Ә», «Б»,«Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Себеттегі жемістер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.4.6.1 дизайн идеяларын шығармашылықпен ұсыну, идеялар мен сезімдерді құрылымдау және модельдеу тәсілдері мен техникасы арқылы білдіру

Сабақ мақсаты

Әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің көркемдік дағдыларын және бейнелеу техникасын меңгереді. Шығармашылық жұмыс жасай отырып, сыни ойлау қабілеті дамиды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ уақыты



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ыстық алақан» әдісі
Балалар қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.
Негізгі түстер арқылы үш топқа бөлу.

  • Қызыл.

  • Сары.

Көк.

Психологиялық ахуалға берілген жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аударады.
Топқа бөлінеді.




Сілтеме:
https://opiq-redaktor- Интербелсенді тақтада
дәрумені бар жемістердің суреті тұрады.


Алдыңғы білімді еске түсіру.
Қайталау сұрақтары:

  1. Дәрумендер біздің ағзамызға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  2. Өздерің қандай жемістерді жақсы көресіңдер?

  3. Қай жемісте дәрумен көп?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Қол шапалақтау арқылы бағалау.






Ортасы

Жаңа сабақ
Сергіту сәті Көп нүктенің орнына сөз тап.
... саудың – жаны сау. (дені)
Денсаулық – зор ... (байлық)
Денім сау болу үшін ... қажет.
Балалар, жеміс-жидектерді көбірек жеңдер. Жеміс- жидектердің құрамында көптеген дәрумендер болады.

Балалар ойын жеткізеді.

«Бас бармақ» арқылы бір- бірін бағалау.

Жеміс-жидектердің суреті ілулі тұрады.




Тапсырма Топтық жұмыс.
Шығармашылық жұмыс Себеттегі жемістерді квиллинг тәсілімен орындаймыз.
Квиллинг – жіңішке қағаз жолақтарын шиыршықтап орап, әртүрлі пішінге келтіріп, композиция құрастыру өнері.
Жасалу жолы:

  1. Алдымен жемістерді жасайды. Ол үшін түрлі түсті қағаздарды дайындайды (қызыл, қызғылт сары, қызғылт түстерді таңдаған дұрыс).

  2. Қағаздың тігінен арасын бірнеше рет 5 мм етіп сызып, қиып алады.

  3. Ши шыбықтарына жолақ қағаздарды бір-бірлеп шиыршықтап орайды.

  4. Шыбықтарды шешкенде қағаздар шиыршықталып, оратылып тұрады.

Енді себетті жасайды. Себетті де дәл осы жолмен жасайды, бірақ суық түсті қағаз таңдайды (көк, жасыл және т.б.)
6. Себеттің жиегін ұзын жолақ қағаздан жасап, шиыршықталған қағаздың ішіне толтырады да, желімдейді (жылжып кетпеуі үшін).
Қауіпсіздік ережесі:

  • қайшыны арнайы қобдишада сақта;

  • қайшыны досыңа үшкір жағымен берме;

  • қайшымен жұмыс кезінде алаңдама;

  • қайшымен ойыншық ретінде ойнама;

  • желімді аузыңа салма;

  • жұмыс орныңды жина.

Дескриптор:

  • тақырыппен танысады;

  • шығармашылық жұмыс жасай алады;

  • квиллинг техникасын біледі;

  1. қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Оқушылар тақырыппен танысады, жұмысты берілген түріне қарай орындайды




Қауіпсіздік ережесін сақтайды..



Жасалған жұмысты бағалап, қолдау көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет