Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы. «Заман кімдікі өлеңі»



Дата31.12.2019
өлшемі15,07 Kb.
#55042
түріСабақ
Пан: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 6 «г»

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы. «Заман кімдікі өлеңі»

Сабақтың мақсаты: Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы. «Заман кімдікі өлеңі» талдау. Өлеңнің мағынасын ашу

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет беру, өлеңнің мазмұны, тақырыбы, идеясын ұғындыру,білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ақынның өмірбаянынан тарихи мағұлматтар бере отырып, өлеңді оқу барысында оқушылардың оқу мәнерін дамытып қалыптастыру.

Тәрбиелілік: өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу, талдау, ой - пікірлерін айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Дөнентаев портреті, шығармалары, сызба – нұсқалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: түсіндіру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқулықпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабаққа шолу



ІІІ. Жаңа сабақ.

Өмірбаяны

Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі...

1894 жылы Семей облысының Павлодар ауданы Ақсу ауылында ддүниеге келген. Әкесі Дөнентай кедей болған. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.

Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазуды бастайды.

1916 жылы 25 маусымда патша жарлығымен 19 жасында майданға алынды.

1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтады. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.

Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады.

Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырыдың 23 қайтыс болады



Шығармашылығы

Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер етеді.

1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.

1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.

Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар.

Өлеңді талдау

ЗАМАН КІМДІКІ?

Бұл заман // байқағанға күштінікі, а 11

Азулы,// тырнақты мен тістінікі, а 11

Дүниенің патшалығы,// батырлығы — ә 12

Тыпырлап //тыныш жатпаған істінікі. а 12

Қара өлең ұйқасы

1-шумақ

4-тармақ


11-12 буын

IV. Сабақты бекіту

Оқушылардан С.Дөнентаевтың өмірі жайлы, өлеңнің мән-мағынасынан не түсінгенін сұрау.



V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың өмірімен шығармашылығын оқу, «Заман кімлікі?» өлеңін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет