Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі. 1922ж - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.
«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
1. Авторы: С. Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері.
2. Тақырыбы: жастарға мақсат, арман - тілектерге жетер жолында аянбай,
тынбай күресу
3. Жанр түрі: Лирика (арнау - жарлай арнау)
4. Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі
5. Әдеби - теориялық ұғымдар
6.Троп - сөзді құбылту
а) теңеу - танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет - қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс - құрақты көк өзен, аққулы - қазды шалқар көл,
б) синоним - әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу - күңіренді дала.
Ойларын жинақтап кластер құру. С. Сейфуллин кім?
Кең құлашты эпик ақын
жазушы лирик
С. Сейфуллин
прозаик драматург
Мемлекет және қоғам қайраткері Қазақтың көрнекті ақыны.
Ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |