Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді оқып келу.
5мин
Дәйексөз.
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,
сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.
5 мин
4. Әңгімелеу
1. Жеке –дара жұмыс. Міндет: оқушының рефлексиясын дамыту «Мен қандаймын ? » синонимдер лотосы.
Сендерге синонимдер лотосы берілген. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Егер қай қасиет сенің бойында бар болса, сол сөздің алдына қызыл нүктемен қоясын, ал бойында жоқ болса көк нүкте қоясың.
- Балалар, назар аударайық: осы лотода мейірімділік сөзінің синонимдері берілген екен. (оқыту )
Ал антонимдерін де оқып жіберейік. Ендеше, балар, осы сөздерді есте ұстайық. (тақтаға плакат ілінеді )
10 мин
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Магнитафоннан мейірімділікке байланысты мәнін оқылады. Мәтінді тыңдамастан бұрын, мұғалім оқушыларға мақсат қояды.Балалар енді жұптық жұмысын жасаймыз. Енді оқушы мына сызбаны толтыруларын керек. Ол үшін 1- оқушы тірек сөздерді жазып отырады, ал 2- оқушы туындаған сұрақтар ойланып отырады. Карточка мынадай болады.
- Абай атамыз айтқан бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат және ............. рақым яғни мейірімділік.
Мұғалімнің қорытуы: Балалар сабағымыздың басында ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»,- деген сөзімен бастаған едік. Енді сабақты да сол ұлы ақынның Сөзімен аяқтасақ деймін. Жер бетінде надандық адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар еріншектік, надандық және залымдық деген. Яғни мейірімділік сөзінің антонимі залымдылық екен. Асыл іс-рақым деп мейірімді болуға шақырған.
Ендеше сабағымызды жақсы тілектер айтып аяқтасақ деймін
- Бақытты бол
- Денсаулығың мықты болсын
- Ел мақтанышы бол
- Үлкен азамат бол
- Жетістіктерге жете бер
- Үнемі адал бол
- Мақсаттарың орындалсын
- Жүздеріңнен күлкі кетпесін
10 мин
Топпен ән айту.
Кешір ана
Еркелеп өстік,бала да болдық,
Қуалап ойын далада қондық.
Ананың сөзін құлаққа ілмей,
Кей-кезде көсем де,дана да болдық.
5 мин
Үй тапсырмасы.
«Мен мейірімділікті қалай түсінемін?» тақырыбы бойынша эссе жазу.
2мин
Соңғы тыныштық сәтi.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.